arujan_bakytzhankyzy

arujan_bakytzhankyzy МАРКЕТОЛОГ|ТАРГЕТОЛОГ�

Адамның ең әлсіз тұсы ол әрине эмоцияға берілу яғни, қорқыныш. Адам баласы дүниеде әлсіз болып жаратылған. Сол себептен ...
30/10/2021

Адамның ең әлсіз тұсы ол әрине эмоцияға берілу яғни, қорқыныш. Адам баласы дүниеде әлсіз болып жаратылған. Сол себептен біз кішкентай түртіп қалған нәрседен де қорқамыз. Не үшін, не себептен қорқыныш адамның ең әлсіз тұсы?
Адам баласы солай жаратылғаннан кейін қалыпты деп жатамыз. Алайда біз өмірмен күресуді үйренгендей, қорқынышпен де күресуіміз керек. Қорқынышты жеңген адам мықты бола түспек. Сол сияқты бір істі бастарда үрейленбей, қорықпай ақылға салып, мақсатпен жоспар арқылы жүзеге асыра білуіміз қажет. Сонда ғана ойлағанымызды іске асырып, қорқынышты да жеңеміз.

#қорқыныш #әлсіздік #өмірғажап #инста #инстаграмнедели #инстамарафон #алматы #астана #актобе #атыраусити #қызылорда #шымкент #түркістан

Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс...
30/10/2021

Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі  кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді.  Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.

Бизнес  құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы.

2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды.  Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.

#кәсіпкер #бизнесидеи #бизнесмены #бизнес #маркетолог #сммменеджер #копирайтинг #копирайтеринстаграм #алмата #астанасити

Instagram-ға арналған визуалды әлеуметтік маркетингтің мазмұнын қалай жасауға болады?Инстаграмда аудитория құрудың маңыз...
30/10/2021

Instagram-ға арналған визуалды әлеуметтік маркетингтің мазмұнын қалай жасауға болады?

Инстаграмда аудитория құрудың маңызды әдістерінің бірі - көрермендер қызығушылық танытатын көрнекі әлеуметтік маркетингтік мазмұнды орналастыру. Егер сіз жалықтыратын суреттер салсаңыз, адамдар сіздің аккаунтыңызға кірмейді. Кейбір бизнес үшін тиісті фотосуреттерді табу оңай.

Инстаграмға қызықты суреттерді орналастыру үшін мына кеңестерді орындауға болады:

Іздеу арқылы бастаңыз. Инстаграмнан сіздің бизнесіңізге қатысты фотосуреттер іздеңіз. Фотосуреттердің танымал түрлеріне назар аударыңыз. Іздеу - шабыттың пайдалы көзі.

Жазу тартымды сурет жасай алады. Көптеген бизнес инстаграммен суретке түсетін визуалды өнімдер болмаған кезде күреседі.

Фотосуретке мәтін қосудың оңай әдісі үшін түсініктеме жазып, оны суретке түсіріңіз. Boot Camp Digital-да қызметкерлердің ақ тақтасы бар, олар әр апта сайын әлеуметтік медиа кеңестерін жазады. Содан кейін біреу көрнекі тақырыптан Instagram мазмұнын құру үшін ақ тақтаның суретін түсіреді.

Көздеріңізді ашық ұстаңыз. Инстаграмға кескіндер жасау туралы ойлауды қалыптастырыңыз, сонда сіз жасай алатын көптеген фотосуреттерге таң қаласыз. Сіз презентация кезінде ұнайтын слайдтардың фотосуреттерін немесе кеңсе айналасында қызықты заттарды суретке түсіре аласыз.

Instagram конкурстары. Инстаграмдағы байқау бизнестің өз клиенттерін тартудың танымал әдісіне айналуда. Инстаграмдағы байқау әдетте қолданушыларды суретке түсуге және байқауға қатысу үшін белгілі бір хештегті қолдануға шақырады. Тіпті ірі кәсіпкерлер конкурстар өткізіп тұрады.Мысалы, Инстаграмда General Electric жүргізген байқауда қолданушылар фотосуреттер түсіріп, GGE оларды қалай шабыттандырғанын көрсету үшін хэштегін қолданды. Байқауға 4000-нан астам фотосуреттер жіберіліп, жеңімпаз реактивті қозғалтқыш шығаратын зауытқа экскурсия алды (Instagram-мен суретке түсіру үшін).

Сіздің бизнесіңіздің көлеміне қарамастан, Instagram конкурсы сіздің клиенттеріңізге фотосуреттер түсіру және бөлісу үшін пайдалы әдіс бола алады.

#маркетинг #визуал #пост #смм #копирайтер #таргет #алматы #астана #актау #актобе #атырау

Зона комфорта деген не? Зона комфорта деген жалпы адамның  еш өзгеріссіз бір қалыпта өмір сүріп қалуы. Бұл комфортадан ш...
30/10/2021

Зона комфорта деген не?

Зона комфорта деген жалпы адамның еш өзгеріссіз бір қалыпта өмір сүріп қалуы.

Бұл комфортадан шығу үшін не істеу керек?
Зона комфортадан шығу үшін адамда ең бірінші арман болу керек. Арманды жүзеге асыру үшін жоспар құру керек. Сол сияқты адам өз-өзін дамыту арқылы бұл зонадан шыға алады. Бизнес болсын бір істі бастар алдында ең әуелі адам ниет етіп, өз еңбегімен жұмыс жасау арқылы ақша табудың жолын іздесе және соған өзін дайындаса онда зона комфортадан шықты деген сөз.

Егерде сіз бір нәрсені көздесеңіз өзіңізді сол арқылы басқа қырыңыздан көріп, дамытып, өзгертуге тырысыңыз.

#альхамдулиллях #өзіңдідамыт #зонакомфорта
#бизнес #жаңабастама #алматы #астана #актобе #атырау #актау

Бұл өмірде ақша проблема емес! Құттай ақша жетпей қалса болды, тек проблемаға теңейміз. Негізінде бұл өмір сынақ үшін бе...
30/10/2021

Бұл өмірде ақша проблема емес! Құттай ақша жетпей қалса болды, тек проблемаға теңейміз. Негізінде бұл өмір сынақ үшін берілген. Сынаққа төзе білген адам ғана шынайы жетістікке жеткендей бақытты болады. Қандай да бір қиындық келсе, оның бір шешімі болады. Сол сияқты ақша болмай қалған кезде оның да бір шешімі болады деп адам өзіне деген үмітін, сенімін ақтау керек. Ешбір адам туылған кезде бірден бай не кедей болып кетпейді. Оның қандай жағдайда болатынын бір Алла ғана біледі. Сол үшін сары уайымға салынып керек емес. Тек бір Аллаға және өзіне сеніп әрекет ету керек болды!

#өмірғажап #ақша #ақшатабу #уақыттытиімдіпайдалану #өзгеріс #алматы #астана #актобе #атырау #актау

Өмірде сен кімсің? Бір сәт ойланып көріңізші...Өмірде мен кіммін? деген ой туындай ма? Ия, әр сәттің маңызы бар. Бірақ и...
30/10/2021

Өмірде сен кімсің?

Бір сәт ойланып көріңізші...
Өмірде мен кіммін? деген ой туындай ма? Ия, әр сәттің маңызы бар. Бірақ именно ойлап қарасақ, "Өмірде мен кіммін? Мақсатым қандай? Айналама қандай пайдасы бар адаммын? Қандай сәт мені өзгертеді? Мен өз қалпымдағы адаммын ба" деген ойлар әрине адамға келуі мүмкін.

Соның ішінде өмірде сіз кімсіз?
Өмірде басты мақсат тек өмір сүріп қалу емес. Өміріңді жақсы жақтармен байланыстыра отырып, жақсы өмір сүріп қалу. Және де ең басты мақсат - өзіннің бұл өмірде кім екеніңді түсіну.
Сен өмірде бастысы - адамсың, жеке тұлғасың. "Мен адам болсамда өмірде өз орнымды таба алмадым немесе өмірімді өз қалағанымдай өткізе алмадым" деген ой, сананы құртып жібереді. Шын мәнінде олай емес. Ия олай емес. Себебі Алла Тағала адамды жаратқан кезде тағдырыңа өмірге келгеннен бастап, өмірден өткенге дейінгі уақытты жазып қояды. Яғни әр адамның өз шытырман оқиғалары бар. Әр адам өзінше бай, өзінше сұлу әрі бақытты. Әр адам - жеке тұлға болып қалыптасқан. Сондықтан адам тағдырыңа жылы қарап, Алланың тыйғандарынан тыйылып, әр сәтті бағалап және бастысы - өмірде өзінің кім екенін түсініп өмір сүрсе, одан асқан керемет адам болмас.

#өмірғажап #альхамдулиллях #бақыттымын #адам #алматы #астана #актобе #атырау #актау #мүмкіндік #осень #октябрь

Адамға керек 3 нәрсе:-Денсаулық 🌸-Уақыт 🌸-Мүмкіндік 🌸  Денің сау болса, уақытың бар болса,  келген мүмкіндікті жіберіп а...
30/10/2021

Адамға керек 3 нәрсе:
-Денсаулық 🌸
-Уақыт 🌸
-Мүмкіндік 🌸

Денің сау болса, уақытың бар болса, келген мүмкіндікті жіберіп алма!

Жалпы осы 3 қасиетті біз көбіне бағаламай жатамыз. Денсаулық болмаса, адам еш нәрсе істей алмайды.

Ең біріншіден, денсаулық бәрінен жоғары болу керек. Дені сау адамның қолынан келмейтін ісі болмайды. Сәл ғана суық тиіп ауырып қалсақта, кейде "Қой салқыннан ғой" деп өзімізге көңіл бөлмей жүре береміз. Осыдан біздің иммунитетіміз әлсірейді. Сондықтан бірінші денсаулықты ойлауымыз керек. Тіпті, адам артына ұрпақ қалдырғысы келсе де, алдымен денсаулығына мән беру керек деп ойлаймын. Деніміз сау болса, оны тек пайдалы істерге құртқанымыз жөн!🖖

Екіншіден, уақыт. Уақыт барлық нәрсемен өлшенеді. Әрбір болатын жағдай өзінің уақытымен ғана жүзеге асады. Уақытымызды да әр нәрсеге жұмсай бермей, пайда келтіретін істерге жұмсағанымыз дұрысырақ. Себебі, уақыттың да сұрауы болады. Адам қартайғанша өмірі бос өтсе, онда беріліп тұрған уақыттың қадірін түсінбегені. Олай болғанын қаламасаңыз, яғни өміріңіздің тең жартысы бос өткенін қаламасаңыз, ендеше уақытыңыз бар кезде өзіңізге және жаңыныздағы адамдарға пайда бере алатындай уақытыңызды қызықты өткізіңіз.🖖

Үшінші ол - мүмкіндік. Сізде денсаулық болған кезде, уақытыңыз болған кезде, әрине мүмкіндікте болады. Әр сәтте беріліп тұрған мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысыңыз. Адам баласы мүмкіндіктен бас тартса немесе пайдалана алмаса, өмірі бос өткенмен тең. Сол үшін егерде бір нәрсені көздеп не басыңызға бір идея келіп жатса, сізге берілген мүмкіндік деп есептеңіз. Негатив ойларды санаңыздан алып тастап, болашаққа көз жібертіп, келіп тұрған шанстан ешқашан бас тартпаңыз.🖖

Кез келген адам бір істі бастар алдында неден бастасам болады, осылай бастасам бұлай бола ма, бұлай бастасам осылай бола...
30/10/2021

Кез келген адам бір істі бастар алдында неден бастасам болады, осылай бастасам бұлай бола ма, бұлай бастасам осылай болар ма еді деп неше түрін ойлайды. Тіпті идеялары жүзеге аспай жатса қатты қиналып, уайымшыл болып кетеді. Бұл біздің миымызға, жүйкемізге әрине теріс әсерін береді. Сол себептен адам бір нәрсені бастамас бұрын жақсылап жоспар құрып, сол бойынша әрекет ету керек.

Мысал келтіріп көрсек, сіз киім дүкенін аштыңыз делік ия?! Оған әрине ақшамен қатар клиент керек болады. Клиент аз келіп жатса, товарыңыз өтпей, ақша таба алмай қиналып жүруіңіз мүмкін. Сол кезде басымызға сан түрлі ойлар келеді. Басында қиналып кетпес үшін жоспар арқылы жүзеге асыруым керек еді деп те ойлайсыз. Тіпті дүкеніңізді сатудың амалын көздейсіз.
Негізінде адам өз-өзіне сенімді болу керек. Бір істі бастар алдында өзіне сенімі жоғары болу керек. Мықты әрі өзіне сенімді болған адам ғана еш ойланбастан әрі қарай алып кете алады. Өзіне сенімсіз адам ештеңеге де қол жеткізе алмайды.

Яғни айтқым келгені, барлық кезде қиындық пен қуаныш қатар жүреді. Қиындығыңа мойымай, сабыр етіп, өзіне және өз өміріне жақсы көзқараспен қараған адам мықты көшбасшы болмақ. "Неден бастаймын, жүзеге аспайды, қорқамын" деген негативтерді миымыздан алып тастап, өмірге дұрыс көзқараспен қарай білейік.

Бәрі Алланың қалауымен, әрине ниетіміз түзу болса...

#алхамдулиллах🌸 #алматы #астана #атырау #актобе #таргет #таргетолог #смм #сммменеджер #маркетолог

Инста-таргетолог болудың 5 себебі: ⠀1.Кез-келген жерде жұмыс жасай аласыз.Жұмыс жасау үшін сізге тек телефон, интернет қ...
30/10/2021

Инста-таргетолог болудың 5 себебі: 



1.Кез-келген жерде жұмыс жасай аласыз.

Жұмыс жасау үшін сізге тек телефон, интернет қажет.



2.Үйден шықпай-ақ онлайн түрде жұмыс істеп табыс табасыз.



3.Жаңа заманауи сұранысқа ие мамандық.

Қазірдің өзінде инста-таргетолог маманына сұраныстар жетіп артылады.



4.Жұмыс кестесін өзіңіз таңдайсыз және ешқандай офис жоқ.



5.Айлық табысыңызға шектеу жоқ. Бірнеше жобамен бір уақытта айналысып қалағаныңызша табысыңызды арттыра бересіз.



Осы мамандық бойынша сұраныс өте көп, сол себепті орын саны шектеулі!



Ай сайын онлайн түрде кемінде 50 000-250 000ға дейін табыс табуға болады.

#инста #инстатаргетолог #инстаграманет #маркетолог #таргетолог #копирайтер #смм #офер #таргет #таргетинг #алматы #астана #актобе #актау #атырау #инстаграм

Маркетолог - тауарға деген сұраныс пен ұсынысты зерттеп, мұнымен қатар бизнестің табыстылығын арттыру мақсатында арнайы ...
30/10/2021

Маркетолог - тауарға деген сұраныс пен ұсынысты зерттеп, мұнымен қатар бизнестің табыстылығын арттыру мақсатында арнайы шаралар ұйымдастыратын маман.🎈

«Маркетолог» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «нарықты зерттеуші» деген мағынаны білдіреді. Кез келген фирма иесіне өзі өндіріп жатқан тауардың қаншалықты өтімді, бәсекелестерінің қаншалықты мықты екенін, өндірген тауарын қаншаға бағалауға болатынын айтатын маман қажет.
Аталған саланың мамандары негізінен тауарды алушыларды іздеп, оны қай жерде сатуға болатынын анықтайды. Мұнымен қатар, тауардың өтімділігі мен қажеттілігін қалай арттыруға болатынын зерттейді. 🎈

МАРКЕТИНГ мамандығын игере отырып Сіз заманауи, қызықты, ең бастысы сұранысы мол мамандықты аласыз. Сонымен қатар еңбекақысы өте жоғары, мәселен жас маркетологтың еңбек ақысы $ 500-800. Маркетинг бойынша маманның еңбек ақысы – айына $ 1500-3000. МАРКЕТОЛОГТАРСЫЗ нарықта ешбір компания бәсекеге қабілеттілік пен сатып алушылар қалауының тез ауысуына төтеп бере алмайды. 
Тек қана МАРКЕТОЛОГ сатып алушыны түсініп, өндірісті оның сұранысына сай өзгерте алады. Компаниялардың басшылары маркетингтің мүмкіндіктері мен атаулы саланың мамандарын бағалады.🎈

Сонымен қатар «МАРКЕТИНГ» мамандығы PR – менеджер (қоғамдастықпен байланыс бойынша маман), мерчандайзер, бренд-менеджер, жарнама бойынша менеджер және т.б. сұраныстағы мамандықтарды игеру үшін негізгі мамандық болып табылады. Сонымен бірге сұраныстағы мамандықтар бойынша тәуелсіз зерттеулер нәтижесінде маркетинг алғашқы бестікке енеді.🎈

«Маркетинг» мамандығы студенттерге экономика саласындағы іргелі дайындықты нарықты зерттеу және компаниялар қызметінің сұлбасымен сәйкестіру жағдайында терең білімдер алуға мүмкіндік береді.🎈

#маркетолог #маркетинг #сммспециалист #смммаркетинг #маркетологинстаграм #инста #инстаграманет #бизнесмен #менеджер #алхамдулиллах #алматы #астана #актобе #актау #атырау #счастья #бизнес #инсталайк

🟣Қазіргі уақытта интернет маркетингпен байланысты мамандықтарға сұраныс күн сайын артып келеді.Сұранысқа ие сондай жаңа ...
30/10/2021

🟣Қазіргі уақытта интернет маркетингпен байланысты мамандықтарға сұраныс күн сайын артып келеді.Сұранысқа ие сондай жаңа мамандықтың бірі — таргетолог. Ол белгілі бір аудиторияға бағытталған жарнаманы орнатады. Әлеуметтік желілерде және Yandex, Google жарнама желісінде қызмет атқарады. 

🟣Таргетологтың қызметі қандай?

Ол әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияға жарнама жасап бизнеске клиент әкелуші маман. Мысалы,  таргетинг жарнамасын Фэйсбук пен Инстаграмда жасауға болады ( инстаграмда отырғанда лентаңызда немесе сториезде реклама деп шығып тұрады ғой, соны Таргетолог жасайды).

— Жарнама жасайтын өнім мен нәтижені талдайды;

— Тұтынушының тілегі мен өтінішіне мән береді;

— Тәуекелшіл болып, тәжірибе жасаудан қорықпауы керек:

— VK, Instagram, Facebook, MyTarget, TikTok, «Яндекс.Директ», Google Ads. Жарнама жасайтын желінің ережесін білу, дұрыс қолдануы\;

— Маркетинг негіздерін меңгеріп, Excel бағдарламасын қолдана алу;

— TargetHunter, Sociate, Active Traffic тағы басқа бағдарламаны қолдана білу қажет.

🟣Қанша табыс табады?

Таргетологтар ай сайын 100000-500000 теңге аралығында табыс табады.

🟣Таргетолог  болу үшін не істеу қажет?

— Ең бірінші әрине теория қажет.Курстарға бару керек.Немесе өз бетіңізше ютубтан сабақтар қарап бастауға болады. Сосын сол үйренгеніңізді практика жасау керек.Өз бетіңше үйренудің бір минусы жаңадан бастап жатқан соң көптеген мәселелер туындайды.Ал оны кімнен сұрарыңды білмей әлек боласың…

— Қазіргі уақытта қазақ тілді аудиторияда таргетолгтар жоқтың қасы. Оның үстіне таргетинг қызметін жасаушы SMM агенстволардың бағасы тым қымбат.

— Осыған орай сапалы әрі өте тиімді бағада таргет жарнамасын іске қосып беретін мамандар дайындау мақсатында курстар сатылады.

🟣Таргет -ол жарнама, яғни осы интернет арқылы жарнама жасау.

🟣Таргет жарнама кімдерге керек?

Кез -келген бизнесі бар адамдарға қажет. Бизнесті Қазақстан бойынша жарнамалап, дамытуға мүмкіндігі бар.

🟣Қазіргі уақытта ИНСТА-ТАРГЕТОЛОГ маманы  сұранысқа ие. 

Ол  бизнес пен инстаграмнан түсетін ақша арасындағы делдал деп айтсақ болады. ⠀

Инстаграмда таргетинг жарнамасын іске қосу арқылы бизнеске клиент әкелетін маман.


#таргетолог #таргетированнаяреклама #инстаграм

Сәлем! Менің есімім Аружан!👋  🔗Қысқаша өмірбаяным:👇🟣 Мен 2003 жылы 31 қаңтар күні Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қа...
23/10/2021

Сәлем! Менің есімім Аружан!👋

🔗Қысқаша өмірбаяным:👇

🟣 Мен 2003 жылы 31 қаңтар күні Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келдім. Жасым 18-де. Ия, қазір Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студентімін. Мамандығым: Архитектурный дизайнер. Отбасым жайлы айта кетсем, мен үйдің үлкенімін. Менен кейін Аллаға шүкір 5 бауырым бар. Хоббиім туралы айтсам: бала кезден өнерге қызығамын. Әсіресе, сурет салғанды, қызықты сериалдар мен фильм көргенді қатты жақсы көремін. Қазіргі уақытта мен маркетолог маманы бойынша курс оқып жатырмын. -дың шәкіртімін.⚘
Жалпы айтқанда, тик-ток түсірмейтін, дорама көрмейтін, көп боянбайтын ақылды және қырсық қызбын десем болады.🏅

🟣Мен бұл парақшаны не үшін аштым?!🌐
Бұл жұмыс парақша болғаннан кейін барлығының осында сақталғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі бизнес аккаунт арқылы инстаграмнан дамуға мүмкіндік жоғары. Әсіресе маркетолог маманы.⏰ Әрине, әр жұмыстың өзінің қиындығы бар. Алайда адам шын ниетімен жүргізсе, алар асуы биік болар.⭐

🟣Маған еңбектеніп, терлеп, шаршап жұмыс істеп нан тапқаннан гөрі, инстада отырып, маркетолог маманы арқылы ақша тауып, жұмыс жасаған қызығырақ болып көрінді. Сол себептен "Бисмиллях" деп алғашқы инстаграм арқылы жасалатын жұмысымды бастағалы отырмын.🎀

🟣Маған сәттілік, сіздерге мүмкіндік!🎈

#аллағасансызшүкір
#альхамдулиллях
#алматы #актобе #атырау #астана
#актау #инста #маркетолог #таргетолог #смм #сммменеджер #визуализация #сторисмейкер #цитатадня #инстаграманет #инстаграм

Address

Казахстан
Aktobe
030000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when arujan_bakytzhankyzy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share