Almat Ashirov

Almat Ashirov Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Almat Ashirov, Marketing Agency, Almaty.

24/07/2025

Әр қазағым жалғызым және әр қазағым бай болсын деп ұрандатып, онлайн кәсіпті тегін үйретуден талмаймыз! Әрекетке берекет демекші, құр жүрмей жұмыстан бөлек оңай табыс көзін бірге табыңыздар

17/07/2025

📜 Лестница-сипаттама:

1️⃣ Өзін-өзі тәртіпке салу — бұл шабыт емес.
2️⃣ Көңіл-күйге қарамай, таңертең тұру.
3️⃣ Жалықсаң да жаттығуға бару.
4️⃣ Бірден нәтиже көрмесең де, жұмыс істеу.
5️⃣ Себеп іздемей, әрекет ету.
6️⃣ Басқалар ұйықтап жатқанда — сен жұмыс істейсің.
7️⃣ Олар шағымданғанда — сен өсесің.
8️⃣ Олар оңай жол іздегенде — сен іргетасын қаласың.
9️⃣ Сен ерекше емессің.
🔟 Сен жылауды емес, істеуді таңдадың.
daniyarovich01 - даму және
табыс жайлы блогыма тіркеліп кетініз 🫂

16/07/2025

1) Ең алғашқы және ең қарапайымы…

Бұл – уақытты өткізіп алам ба деген үнемі қорқыныш. Таңертең тұра салысымен-ақ қысым сезіледі. Бәрі бір нәрсеге үлгеріп жатқандай: бірі ақша тауып үлгерді, бірі оқуға кетті, енді бірі бір жылдың ішінде үшінші жобасын бастап жатыр. Ал сен бос жүрмегенмен, іштей үлгермей жатқандайсың. Бұл – сені күн сайын іштен жеп барады.
Неге дейсің бе? Себебі сен шын мәнінде көп нәрсеге қабілеттісің. Бірақ әлі толық қуатпен іске кіріскен жоқсың.



2) «Жай сөйлесу» енді сен үшін жоқ

Сериал жайлы әңгіме – ашуыңды келтіреді. Бос әңгіме – қызықсыз. Енді әр қарым-қатынас – не пайда, не қажетсіз. Саған серпін беретін орта керек. Бірақ әзірге айналаң – «өз жігіттерің», сол себепті сен тоқтап тұрғандайсың.
Ал сырттағы адамдар неге алыстап кеткеніңді түсінбейді.
Себебі сен енді бұрынғы сен емессің.



3) Демалуға кінәлі сезіну

Сен енді жай отырып, «демала алмайсың» — ішкі ой: «Қазір мен уақытымды босқа өткізіп жатырмын».
Кино көрсең – мазасызсың.
Демалысқа шықсаң – мәнсіз.
Тіпті жұмыс істеп отырсаң да – тыныс ала алмайсың.
Бұл – күйзеліс емес. Бұл – үлкен арманы бар адамдардың жағдайы.
Сен тыныштық үшін жаратылған жоқсың.
Сен жеңістер үшін жаратылғансың, досым.
daniyarovich01 - даму және
табыс жайлы блогыма тіркеліп кетініз 🫂

15/07/2025

ChatGPT-ге қойылатын 10 сұрақ:

Жоғалтып алмас үшін сақтап ал✅

1.Мен қазір неге тығырықта жүрмін?
2.Менің миымдағы уайымдардан қалай арыламын? Психология тұрғысынан түсіндір.
3.Менің өмірімнің негізгі 3 бағытын анықтап берші – қай жаққа фокус жасауым керек?
4.Маған арналған күн тәртібін жаса – энергиям мен мінезіме сай.
5.Менің өзімді-өзім жейтін ойларымды анықтап, оларды тоқтатуға көмектесші.
6.Менің таланттарымды анықтап, оларға сәйкес табыс табу жолдарын жаз.
7.Егер мен 1 жыл ішінде өмірімді түбегейлі өзгерткім келсе, не істеуім керек?
8.Өмірімде маған кедергі боп жүрген токсик нәрселерді анықтап берші.
9.Сен менің менторым болсаң, бірінші күні маған не айтушы едің?
10.Маған өз тарихымды жазып берші – 1 жылдан кейін мен кім болам?
daniyarovich01 видео пайдалы болса тіркеліп кет🙌

14/07/2025

1. Мен ұзақ уақыт бойы бастысы — көп жұмыс істеу деп ойладым.
Бірақ шындық басқаша: сен таңнан кешке дейін тынбай еңбек етуің мүмкін,
бірақ ақша бәрібір келмейді.
Себебі іште — ұят бар.
Өзің туралы ашық айтуға қорқасың.
Еңбегің үшін ақы алуға.
Сұрауға. Сатуға.
Өзіңе сенімді болуға.



2. Ақша көп жұмыс істейтіндерге келмейді.
Ол көбірек қалайтынынан ұялмайтындарға келеді.
Мен де контент салып көре алмадым.
Ұят. Не ойлайды? Не үшін керек бұл маған?
Кейін түсіндім: мен стористі емес, өзімді ұстап тұрдым.
Сол арқылы өсу мүмкіндігімді өлтіріп отырдым.



3. Сен дауысыңды жасырып жүргенде — өзіңді арзандатасың.
Өнім туралы үндемей жүргенде — табысыңның жолын жабасың.
Сені біреу өзі байқап, бағалайды деп күтсең —
сен әсер ететін адам емес,
бақылаушы болып қаласың.



4. Мен «Өзіңе оралу» бағдарламасын жасадым —
айқындық, фокус пен ішкі тірек іздегендер үшін.
daniyarovich01 жоғалтып алмас үшін тіркеліп қой ✅

13/07/2025

1. Күнде таңғы 5:30-да тұр — сенің ең мықты қарсыласың — төсегің.
2. Телефонды таңертең 2 сағатқа өшір — өзіңе кел, миыңды аш.
3. Күнде жаттығу жаса (мин 45 мин) — денең өзгермей, өмірің өзгермейді.
4. Тәтті, газировка, фастфудты толық тоқтат — қоқыс жесең, қоқыс сияқты ойлайсың.
5. 1 жыл ішімдік пен темекіден толық бас тарт — нағыз ерлік — ұстамдылықта.
6. Күнде 1 кітаптың кемі 20 бетін оқы — байлар кітап оқиды, кедейлер TikTok қарайды.
7. Достарыңды сүзгіден өткіз — жаны жоқтармен бірге жүрсең, сен де өшесің.
8. Тіл үйрен (ағылшын не IT тілі) — нарықта ақша кімде? Білімдінікі.
9. Бір салаға кіріп, 365 күн соны қаз — бір шұңқыр қаз, алтын тауып аласың.
10. Апта сайын 1 жаңа адаммен таныс — таныс емес жерде мүмкіндік жатады.
11. Күніне 1 пайдалы контент жарияла — контентің — сенің капиталдың.
12. Кредит пен қарызды нөлге түсір — қарызы бар адам — құлы.
13. Апта сайын 1 жаңа дағды үйрен — жаңа скилл — жаңа табыс көзі.
14. Жұмыстан кейін 3 сағат тек өз дамуыңа бөл — Netflix емес, нет результат.
15. Жарты жылда бір рет цифрлық “тазарту” жаса — кімге жазылдың, не көрдің — соны ойлайсың.
16. Әр күнге нақты жоспар жаз — жоспары жоқ адам — хаосқа дайын адам.
17. Табысыңның 20%-ын инвестицияға сал — жұмыс істемей ақша табу — нағыз еркіндік.
18. Айына 1 рет өз-өзіңмен “есеп” бер — қайда келдің, қайда барасың?
19. Жан тыныштығы үшін медитация немесе дұға үйрен — ішкі хаос — сыртқы күйреудің басы.
20. “Ертең” деген сөзді өлтір — тек бүгін тірі.
daniyarovich01 маған тіркелуді ұмытпа✅

Address

Almaty
0500000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Almat Ashirov posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share