30/12/2021
ЗОНА КОМФОРТАДАН ШЫҒА АЛМАЙМЫН …
⠀
Сіз .. Ия сіз ..Өзіңіздің қазіргі халіңізді сипаттап көріңізші. Нақтырақ айтқанда қазіргі өміріңізге толығымен көңіліңіз толады ма?
⠀
Бұл жерде айтқым келгені өміріңе қанағат етпеу емес өміріңді өзің қалаған жаққа өзгерту ..
⠀
“Бәлкім осыған да шүкір, ақшаға қызықпаймын дейтін де шығарсыз” .. Бірақ сіз білесіз бе сіздің ішіңізде ерекше қабілет, ынта жігер бар екенін. Алайда оны дамытып кете алмай жатырсыз.
⠀
Бірнәрсе кері тартып тұрғандай. Қолымнан келмей ме деп қорқасыз. Қорқу ол Аллаға деген сенімсіздік. Мына күллі ғаламды жаратқан Аллаһ Тағал үшін сіздің проблемаларыңызды шешу немесе арманыңыздағы өмірді бере салу түк те емес.
⠀
Аллаһ бізге әр күні сол өзіміз қалайтын нәтижеге жету үшін мүмкіндік береді. Құранда да “Амал етіңдер” дейді.
⠀
Ал сіз кімді, нені күтіп жүрсіз? Сізде сондай бір қорқыныш сенімсіздік бар. Сіз қазіргі күнделікті бір өміріңізге төселіп қалғансыз. Сол үшін жаңа қадам жасауға, зона комфортадан шығуға үнемі жасқанып тұрасыз.
⠀
Ал шын мәнінде адамды жетістікке жеткізетін нәрсе ол- ЗОНА КОМФОРТАДАН шығу!