Meruert

Meruert Балалар психологы, ата аналарға арналған балалар псих?

Кризистік кезең баламыз жаңа нәрселерге тап болғанда туындайды. Нақты көрініс беретін кезеңдер:1 жас👶- туылғаннан ата-ан...
30/09/2021

Кризистік кезең баламыз жаңа нәрселерге тап болғанда туындайды. Нақты көрініс беретін кезеңдер:

1 жас👶- туылғаннан ата-анасына тәуелді болған бала, күтпеген жерден аяққа тұрып, жүріп, әлемді тани бастайды.
"БОЛМАЙДЫ" деген сөзді, баламыз тек қауіпті болған кезде айтатынымызды түсіне бермейді, міне содан ол айқайлап, жылап шу шығарады. Оныкі дұрыс, егер біз "ҰСТАМА", "ЖҮРМЕ", "ОТЫРМА" деп еркіндік бермесек, онда ол әлемді қалай танымақ? Ненің жақсы, ненің жаман, ненің қауіпті екенін қайдан білмек?
Сол үшін, көмектесіп қадағалай отырып, әлемді тануға еркіндік беруіміз керек!😇

3 жас🧒- Әрбір ата-ана басынан баласының қарсылығын, негативизмін, қырсықтығын өткізген болар? Бұл кризистің басты мәні осыда.
Егер бала бұл әлемде өзінің бар екендігін көрсетпесе, онда әлем бұл баланың бар екенін қайдан білмек? 🕺Баланың "МЕН"-і қалыптасады. Қоршаған әлемді өзгертуге тырысады "МЕН жақсымын", "МЕН өзім істеймін" т.с.с..
Ең бастысы ата-ана сабырлы болып,💆‍♀️ баласының пікірін тыңдап, еркіндік беріп отырса болды.🧍‍♀️🧎‍♀️

6-7 жас🙇‍♂️- мектепке баратын шақ. Баламыз құрдастарының арасында өзара дөрекі сөздермен алмасып,🤼‍♂️ мазақы-әзілдер айта бастайды. Осылайша олар өздерін ересек етіп көрсеткісі келеді.

Көңіл-күйлері тез өзгеріп, кез-келген тиымдар мен ескертулерге ашу ызамен жауап қайтарады. Есіктер қатты жабылып, қыршаңқылық мінездер көрініс береді.
"АЙТПА", "ҰЯТ БОЛАДЫ", "ӘДЕПТІЛІККЕ ЖАТПАЙДЫ" деген ескертулер тек қарсы нәтиже беруі ғажап емес.🤦‍♀️

Бұндай жағдайда балаңызбен жәй ғана сөйлесіңіз. "Әзіл қалжыңдар достар арасында дөрекі естілмеуі мүмкін, бірақ басқа жерде айту орынсыз әрі, түсініксіз болады. Осы дөрекі сөздеріңді естіген маған онша ұнамайды"- деп тігісін жатқызып айтуға тырысыңыз. 🤝

Келесі кризистік кезең өте күрделі. Жеткіншектік 13 жас. 🙍‍♂️

Ол кезеңнен қалай ренжіспей өтуге болатынын жазайын ба? "+" қоя кетіңіз, қаншалықты маңызды екенін көрейік.🧚‍♀️

Жақын адамнан айырылып қалу-бұл өте ауыр сынақ. Ең қиыны болған жағдайды балаға айту. Көп жағдайда ата аналар қайғылы жа...
20/09/2021

Жақын адамнан айырылып қалу-бұл өте ауыр сынақ. Ең қиыны болған жағдайды балаға айту. Көп жағдайда ата аналар қайғылы жағдайды жасырып қалуға шешім қабылдайды. Бірақ бұндай шешім, түпкілікте дұрыс емес. Балалар отбасында болып жатқан жағдайларды жақсы сезеді. Шындықты жасыру, жағдайды тек ушықтыра түседі: бала мазасыздана бастауы, үлкендерге деген сенімсіздік пайда болуы мүмкін. Ең дұрыс шешім-өз балаңызбен шыншыл және сенімді сөйлесу.
Қайғылы жағдай туралы, баламен қарым қатынасы жақсы адамның айтқаны абзал. Алдымен ыңғайлы жерді тауып алып, баланы қасына жақын отырғызып алыңыз.
“Бізден алысқа кетті”, “Ұйқыға кетті” немесе “Аспанға ұшып кетті” деген сөздерді айтудан алшақ болыңыз. “Бүгінгі күннен бастап, енді бізде бәрі басқаша болады. Бізде қайғылы жағдай. ____ бақилық болды”. - деген сияқты сөздермен жеткізуге болады. Балалар көп нәрсені тура қабылдайды, және кеткен адам қашан келеді, ұйқысынан қашан оянады, қашан аспаннан жерге қонады-деп күтіп жүреді.
Хабарды жеткізгеннен кейін, сәл тоқтаңыз, бала жылауы мүмкін. Оның сезімдері туралы сөйлесіңіз, барлық туындаған сұрақтарына сабырмен жауап беруге тырысыңыз. Бүге-шүгесіне дейін емес, қарапайым тілде шындықты айтыңыз. Ары қарай не болатынын, рәсімдер қалай өтетіні жайлы айтыңыз. Әңгіме барысында баланың жас ерекшелігін ескеріңіз.
* 4 жасқа дейінгі балалар өлімнің не екенін толық түсінбейді. Ол оларға мәңгіге емес, Түс көру сияқты бірақ басқашалау болып көрінеді. Сондықтан, ата аналар мектепке дейінгі жастағы балаларға бақилық болған адамның енді жоқ екенін және бұл мәңгіге екенін айту маңызды.
* 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар өлімнің-мәңгіге екенін түсінеді. Оларға барлық тірі жандар ертелі кеш бақилық болатыны түсінікті. Сол себепті бұл жастағы балаға қарапайым, түсінікті тілде айту жеткілікті.

Балаларымыз нені есінде мәңгі сақтайды? Дәмді ботқа мен таза үй естерінде сақталады деп ойламаймын. Үйілген ойыншықтар д...
20/09/2021

Балаларымыз нені есінде мәңгі сақтайды?

Дәмді ботқа мен таза үй естерінде сақталады деп ойламаймын. Үйілген ойыншықтар да естерінде қала бермейді.

Бойжетіп, ержеткен соң олардың жарқын естеліктері басқалай болады!⤵️

👩‍👧‍👦 Әр кеште, әдемі жайғасып отырып, бірге кітап оқығандарыңыз;

👩‍👧‍👦 Бірге ойнағандарыңыз. Жәй ғана құрастырғыш пен пазл жинау емес, нағыз рольдік, сюжеттік ойындар. (қазына іздеушілер, пикник үй ішінде, шытырман оқиғалар т.б.)

👩‍👧‍👦 Демалыс күндерін бірге қалай өткізгендеріңіз. Саябаққа, балыққа барғандарыңыз, велосипед айдап, коньки, ролик тепкендеріңіз, бірігіп печенье пісіргендеріңіз және мультфильм көргендеріңіз.

👩‍👧‍👦 Айтқан уәделеріңізде тұрғандарыңыз немесе орындамағандарыңыз.

👩‍👧‍👦 Оларды құшақтап, шексіз жақсы көретіндеріңізді  және әрдайым сонын жағында болатындарыңызды айтқандарыңыз.

👩‍👧‍👦 Отбасылық ұстанымдарыңызды, салтты қалай сақтағандарыңыз. Мерекелік кештерді ұйымдастыру, айына бір рет қала сыртына шығу немесе киноға баруды т.с.с. ұйымдастырғандарыңыз.

👩‍👧‍👦 Әрдайым дәл осы балаларыңыздың ата-анасы болғандарыңыз үшін бақытты екендеріңізді айтқандарыңыз.

🧚‍♀️Міне осыларды балаларымыз мәңгі естерінде сақтайды екен!

Келісесіздер ме?🤔

Бұл не? Жағымсыз әдет пе немесе қауіпті сырқат па?Тырнақты мүжу медицинада "онихофагия" деп аталады. Тағы бір термині "д...
20/09/2021

Бұл не? Жағымсыз әдет пе немесе қауіпті сырқат па?
Тырнақты мүжу медицинада "онихофагия" деп аталады. Тағы бір термині "дерматофагия", яғни тырнақ жиегіндегі терісін мүжуге немесе жұлмалауға аса құмарлық деген мағынаны білдіреді. Бұндай әрекет балада 6 жастан бастап жиі кездеседі. Жағымсыз әдет деп емес, нақты проблема ретінде қарау керек!
Уақытында тиімді әдістерді пайдаланып, жеңіл құтылу үшін ең алдымен бұл әрекеттің пайда болу себептерін анықтап алған абзал.
♦️Физиологияға байланысты себептер:
▪️орталық жүйке жүйесіндегі проблемалар;
▪️баланың тамақтану рационында витаминдердің жетіспеушілігі;
▪️жүрек-қан тамырлар жүйесімен байланысты сырқаттар;
▪️паразиттер - кейде тырнақты мүжу баланың организмінде гельмиттер немесе басқа да паразитті құрттардың болуынан туындайды.
▪️емізгіден (соска) немесе емшектен ерте шығару;
▪️гигиена - яғни тырнақтың өсіп кетуі;
♦️Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан болатын себептер:
▪️туысынан немесе жақын адамынан айырылып қалу;
▪️қатты қорқып кету;
▪️ата-ана арасындағы жанжалдар, проблемалар;
▪️үйреншікті жағдайды аяқ астынан өзгерту, яғни балабақша, мектеп, мекен жай ауыстыру;
▪️шектен тыс психологиялық жүктеу- қазіргі таңда көп ата ана баланың бос уақытын түрлі курстармен,үйірмелермен,спорт секцияларымен, дамытушы орталықтармен максималды түрде жүктеп тастауға тырысады. Бұл бір жағынан дұрыс та шығар, бірақ әр баланың қабілеті әр түрлі,соған қарай жүктемені де тиісінше сәйкес етіп жасау керек.
▪️дәл осыған қарама қарсы себеп, баланың бос уақытының көп болуы. Ол немен айналысқысы келетінін білмей, іші пысқаннан тырнағын тістелей бастайды.
▪️жағымсыз үлгі- егер баланың отбасында немесе айналасында біреу тырнағын тістелейтін болса, онда бала ертелі кеш оған еліктей бастайды.
▪️ұйқы режимінің бұзылуы;
▪️өзін-өзі бағалауының төмендеуі;
☝🏼Уақытында байқап, тиісті маманның көмегіне жүгінсеңіз, бұл проблеманың алдын алуға болады!
Тырнағын тістелеп,мүжитін достарыңызды белгілеп кетіңіз⤵️

Балада гиперактивтілік бар жоғын ата- ана қалай анықтаса болады. Оны анықтаудың бастапқы сатысы қиын емес деп ойлаймын. ...
20/09/2021

Балада гиперактивтілік бар жоғын ата- ана қалай анықтаса болады. Оны анықтаудың бастапқы сатысы қиын емес деп ойлаймын. Бар болғаны белгілі бір уақыт аралығында балаңыздың бойында кездесетін симптомдарды белгілеу жеткілікті.
Зейінін аудара алмау белгілері:
* шулы жерлерді ұнатпайды;
* оған зейінін шоғырландыру қиын;
* тапсырманы орындауда алаңдайды, сыртқы стимулдарға реакция береді;
* белгілі бір істі орындауға үлкен қуанышпен кіріседі, бірақ бір істі бітірмей, жиі екінші іске ауысады;
* нұсқауды қабылдамайды және тыңдамайды;
* Өзіне өзі ұқыпты болу қиындық туғызады, үйде немесе балабақшада өзінің заттарын жиі жоғалтады.
Гиперактивтілік белгілері:
* стол үстіне, шкаф үстіне, далада талдарға, қоршауларға мініп алады;
* жиі жүгіреді, бір орында айналып тұрады;
* оқу барысында бөлмеде айналшықтап жүреді;
* қол аяғының ретсіз қимылдауы, дірілдеуі байқалады;
* егер бір нәрсе істейтін болса, айқайлап, шулап істейді;
* оған әрдайым бір нәрсе істеп отыру керек (ойнап, құрастырып, сурет салып) демалып отыруды білмейді.
Импульсивтілік белгілері:
* өте көп сөйлейді;
* күтіп отыра алмайды, оған барлығы бірден бола қалу керек;
* сабақ барысында ьасқа болдарды алаңдатады;
* ережелерді ұстана алмайды, өз мінез-құлқын басқаруда қиындықтарды сезінеді;
* көңіл-күйі жиі өзгереді;
Қандай мамандардың көмегіне жүгіну керек?
Бұндай диагнозды нақтылау үшін, ата аналар ең алдымен неврологқа бару керек. Тек сол ғана барлық талдаулардың нәтижесінен кейін, ГЗЖС бар жоғын нақты айта алады.
Балалар психологы түрлі сауалнамалар және психикалық функцияларын зерттеуге арналған әдістемелердің көмегімен психологиялық диагдостика жүргізеді.

15/03/2021
06/03/2021

Armelle - ЖИВИ, ЛЮБИ, ТВОРИ.

Address

Kyzylorda

Telephone

+77076075606

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Meruert posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share