E-Ashana APС

E-Ashana APС Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from E-Ashana APС, Internet Marketing Service, Н. Назарбаева, 683Б, Shymkent.

e-ashana.kz — мектептегі тамақтану жүйесін цифрлы режимде басқаруға арналған ақпаратты қ-бағдарламалық кешені!

Бүгінде біздің жүйе еліміз бойынша 500-ден астам мектепте жұмыс істеп тұр.

📊 e-ashana – ТОЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АБКБілім беру ұйымдарының заманауи талаптарына са...
04/05/2025

📊 e-ashana – ТОЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АБК

Білім беру ұйымдарының заманауи талаптарына сай болу үшін, тек тамақтану процесін ұйымдастыру жеткіліксіз. Бүгінгі күні деректердің мөлдірлігі, есептіліктің нақты жүргізілуі және басқа мемлекеттік жүйелермен, сондай-ақ қаржы жүйелерімен интеграция – басты талап.

🧩 e-ashana келесі жүйелермен тиімді интеграцияланады:

🔹 “Әлеуметтік әмиян” – жеңілдікпен (тегін) тамақтанатын оқушыларды тіркеу, бақылау және мемлекеттік субсидиялардың әділ бөлінуін қамтамасыз ету;

🔹 Мектептің ішкі ақпараттық базаларымен (мысалы, “Күнделік”, "BilimClass - BilimLand" жүйесі) – оқушы деректерін автоматты түрде сәйкестендіру;

🔹 Бухгалтерлік және статистикалық жүйелермен – шынайы есеп қалыптастыру;

🔹 Қазақстандағы жетекші банктік қосымшалармен (Kaspi, BCC және т.б.) – ата-аналарға ыңғайлы болу үшін баланың шотын тікелей банк қосымшасы арқылы толтыруға мүмкіндік берілген.

🔗 Сонымен қатар, қажеттілік туындаған жағдайда біз кез келген білім беру жүйесімен API арқылы интеграция жасауға дайынбыз.

📑 Автоматты есеп беру мүмкіндіктері:

✅ Тамақтанған оқушылардың күнделікті және айлық есебі
✅ Мәзір бойынша сатылым көлемі және өнім қалдығы
✅ Бюджет қаржысының нақты пайдаланылу статистикасы
✅ Жеке кәсіпкерлер үшін кіріс-шығыс және есептілік формалары

Бұның бәрі — қолжетімді, мөлдір, әрі адамдық фактордан тәуелсіз.

💡 Басқару оңай болған сайын, нәтиже сапалы болады.
e-ashana – бұл жай ғана АПК емес, бұл толыққанды цифрлық басқару жүйесі, кез келген білім беру және қаржылық инфрақұрылымға икемделетін құрал.

📍 Қосымша ақпарат: www.e-ashana.kz

P.S. API (Application Programming Interface) – екі түрлі бағдарламалық жүйені өзара “сөйлестіретін” заманауи технология. Бұл арқылы деректерді автоматты түрде алмасу, басқару және синхрондау іске асады.

#АПКинтеграциясы #банкинг #есепжүйесі #сандықбақылау #мектепасханасы #әлеуметтікәмиян

📌 Face ID – МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕГІ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАУІПСІЗДІКЦифрландыру тек онлайн төлеммен шектелмейді. "...
04/05/2025

📌 Face ID – МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕГІ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАУІПСІЗДІК

Цифрландыру тек онлайн төлеммен шектелмейді. "e-ashana" жүйесінде Face ID биометриялық модулі іске қосылып, мектептердегі тамақтану процесін одан әрі қауіпсіз және мөлдір етеді.

Бірақ бұл жалғыз әдіс емес. Бізде сәйкестендірудің бірнеше форматы қарастырылған:

🔹 Face ID (бет-әлпетті тану)
Оқушы тамақ алмас бұрын, жүйе оның бет-әлпетін автоматты түрде таниды. Бұл бөгде адамның немесе басқа оқушының атынан өтіп кетуін болдырмайды.

🔹 Карточкалық жүйе
Мектептерге арналған пластикалық ID-карталар арқылы оқушы өзін сәйкестендіре алады. Бұл да қауіпсіз әрі тиімді шешім.

🔹 QR-код жүйесі
Арнайы бейдждегі жеке QR-код арқылы оқушы өзін тіркейді. Бұл – қолайлы және кеңінен қолданылатын әдіс.

🛡 Бұл не береді?

✅ Әлеуметтік әділдік – нақты кімнің тамақтанғаны тіркеледі

✅ Ата-анаға сенімділік – балаңыздың нақты қашан және қандай мәзірмен тамақтанғанын білесіз

✅ Мектеп әкімшілігіне тәртіп пен есептілік – қамтылу бойынша нақты талдау алынады

✅ Интеграция мүмкіндігі – “Әлеуметтік әмиян” және басқа да жүйелермен байланыс

📈 Face ID мен QR-код, карта жүйесі – бұлар жай ғана құрал емес, бұлар тәртіп, әділет және ата-ана сенімінің кепілі.

🔐 e-ashana – бала қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұратын жүйе.

📍 Қосымша ақпарат: www.e-ashana.kz

#картажүйесі #мектепасханасы #балатамақтануы #сандыққауіпсіздік

📌 e-ashana жүйесі – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТОЛЫҒЫМЕН СӘЙКЕС КЕЛЕТІН АБКМектеп асханаларын цифрландыру – бұл жай ғана техникалық...
04/05/2025

📌 e-ashana жүйесі – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТОЛЫҒЫМЕН СӘЙКЕС КЕЛЕТІН АБК

Мектеп асханаларын цифрландыру – бұл жай ғана техникалық жаңғырту емес, ол қатаң құқықтық және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды талап ететін күрделі процесс.

✅ "e-ashana" аппараттық-бағдарламалық кешені ҚР Оқу-ағарту министрінің №456 бұйрығының 33-1 тармағына толық сәйкес келеді.

Бұл – білім беру ұйымдарына АПК енгізу бойынша негізгі нормативтік талаптар көрсетілген ресми құжат.

🔗 Құжатпен мына сілтеме арқылы танысуға болады: adilet.zan.kz/rus/docs/V2200030534

🎯 Сонымен қатар, e-ashana жүйесі төмендегі ақпараттық қауіпсіздік бойынша сынақ хаттамаларының толық жинағына ие:

1️⃣ Ақпараттық қауіпсіздік процестерін тексеру
2️⃣ Желі инфрақұрылымын тексеру
3️⃣ Жүйелік қауіпсіздік функцияларын тестілеу
4️⃣ Бағдарламалық кодты сараптау
5️⃣ Жүйеге жүктемелік сынақ жүргізу

🛡 Бұл құжаттар – жүйенің қауіпсіздігі мен сенімділігін дәлелдейтін міндетті техникалық негіз.

Қазіргі таңда, бұл хаттамалардың барлығы нақты рәсімделіп, тиісті органдардан өткен біздің жүйемізде бар.

Өкінішке қарай, нарықтағы кейбір шешімдер мұндай талаптарды толық орындамай жатады.

📌 e-ashana – бұл заңмен реттелген, қауіпсіздікпен қорғалған, сенімді және ресми негізде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешен.

📍 Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін: www.e-ashana.kz

#АПКталаптары #456бұйрық #ақпараттыққауіпсіздік #мектепасханасы #заңғасәйкесжүйе

📌 "e-ashana" – МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫe-ashana – бұл жай ғана АПК емес. Бұл – мектептегі там...
04/05/2025

📌 "e-ashana" – МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ

e-ashana – бұл жай ғана АПК емес. Бұл – мектептегі тамақтануды басқарудың заманауи және тиімді экожүйесі.

🕔 Біз Қазақстан нарығында 5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз.

Бастапқыда жүйе Түркістан облысындағы мектеп-интернаттарға ыстық тамақпен қамтамасыз ететін e-ashana компаниясының жеке асханаларында тегін тамақтануды есепке алу үшін әзірленген болатын.

✅ Уақыт өте келе, бұл жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеп, басқа жеке операторлар мен асханалар тарапынан сұранысқа ие бола бастады.

Бүгінде e-ashana – АПК орнату және енгізу бойынша Қазақстандағы №1 компания болып табылады.

📊 Қазіргі таңда жүйені пайдаланатын мекемелер саны – 448

Аймақтар бойынша:
▪️ Түркістан облысы – 364
▪️ Батыс Қазақстан облысы – 53
▪️ Қостанай облысы – 13
▪️ Екібастұз қаласы – 10
▪️ Ақмола облысы – 8

📈 Біз даму қарқынымызды бәсеңдетпейміз.

Сапа, сенімділік және тиімділік – біздің басты басымдықтарымыз.

Командамыз үнемі жетіліп, жаңа өңірлермен серіктестікті кеңейтіп келеді.

Біз әрқашан биіктен көрінуге және клиенттер сенімін ақтауға тырысамыз.

🔗 Толығырақ ақпарат: www.e-ashana.kz

#АПКжетістігі #цифрландыру #мектепасханасы #балатамақтануы #білімжүйесі #лидер

"E-ASHANA" АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШЕДІ?e-ashana — бұл бірегей аппараттық-бағдарлама...
04/05/2025

"E-ASHANA" АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШЕДІ?

e-ashana — бұл бірегей аппараттық-бағдарламалық кешен, ол мектеп асханаларындағы барлық негізгі процестерді бір жүйе арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

🔹 1. Ыңғайлы кассалық жүйе
Мектеп асханасына заманауи POS-терминалдар орнатылады, бұл оқушылардың жылдам әрі тиімді қызмет алуына жағдай жасайды.

🔹 2. Мобильді қосымша
Ата-аналар мен қызметкерлерге арналған қолдануға ыңғайлы мобильді қосымша арқылы мәзірмен танысу, шотты бақылау және басқа функциялар қолжетімді.

🔹 3. Қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі
Оқушылар QR-код арқылы төлем жасайды. Бұл балалар үшін қауіпсіз, ал ата-аналар үшін – бақыланатын әрі мөлдір процесс.

🔹 4. Онлайн бейнебақылау
Кейбір мектептерде бейнебақылау жүйесі қосылып, ата-аналар баласының асханада қалай тамақтанатынын қашықтан бақылай алады.

🔹 5. Электрондық мәзір
Мәзірлер электрондық форматта жүргізіледі. Ата-ана тағам құрамымен, калориясымен және фотосуретімен онлайн таныса алады.

🔹 6. Шотты басқару функциясы
Ата-ана баласының күнделікті шығынына шектеу қоя алады, қажет өнімдерге тыйым сала алады немесе толық бақылау орнатады.

🔹 7. Дайын есептер мен талдаулар
Мектеп әкімшілігі мен операторлар үшін автоматты түрде қалыптасатын есептер: тамақтанған оқушылар саны, сатылым көлемі, өнім қалдығы және т.б.

✅ Бір жүйе – барлық мәселенің шешімі.
e-ashana — мектептегі тамақтануды цифрлық форматта басқарудың толық экожүйесі.

📍 Толық ақпарат: www.e-ashana.kz
#цифрлыасхана #қолмақолсызтөлем #асханасапасы #мектепцифрландыруы

📢"E-ASHANA APC" АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІ FACEBOOK РЕСМИ ПАРАҚШАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!Цифрлық мектеп тамақтануын жа...
04/05/2025

📢"E-ASHANA APC" АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІ FACEBOOK РЕСМИ ПАРАҚШАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Цифрлық мектеп тамақтануын жаңа деңгейге көтеретін жүйе – e-ashana ресми түрде әлеуметтік желіде!

Біз — білім беру мекемелеріндегі тамақтану процесін ашық, ыңғайлы және қауіпсіз етуді мақсат еткен инновациялық АПК өнімімізбен бөлісуге дайынбыз.

🎯 e-ashana жүйесі не үшін қажет?

✅ Ата-аналар үшін — баласының не ішіп-жегенін бақылау, шектеу қою, онлайн төлем жасау;

✅ Мектептер үшін — асхана жұмысын цифрландыру, есептілікті жеңілдету, сапаны арттыру;

✅ Оқушылар үшін — қауіпсіз әрі қолжетімді тамақтану ортасы.

Біздің басты ұстанымымыз — "Әр бала лайықты тамақтануға құқылы!" Ал біз осыған цифрлық жолмен қол жеткіземіз.

Бізбен бірге болыңыз! Көп ұзамай пайдалы ақпараттармен бөлісеміз.

#мектепасханасы #цифрлықжүйе #балатамақтануы #қауіпсізтөлем

Address

Н. Назарбаева, 683Б
Shymkent
160000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when E-Ashana APС posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share