Интернет маркетолог Мирас

Интернет маркетолог Мирас Интернет маркетолог

Таргетинг жарнамасы дегеніміз не?Бүгінгі технологияның қарыштап дамыған заманында жарнамалардың орны ерекше деп айтсақ б...
04/02/2022

Таргетинг жарнамасы дегеніміз не?

Бүгінгі технологияның қарыштап дамыған заманында жарнамалардың орны ерекше деп айтсақ болады. Кез келген жұмыс беруші мекеме, компания ең әуелі өзін, өз өнімін жарнамалайтыны заңдылық. Қазіргі таңда жарнама беру жұмысы да бір деңгейден екінші деңгейге өтті. Жалпы алғанда жарнаманың екі жолы бар. Олар: онлайн және оффлайн.

Оффлайн жарнама – интернетті қамтымайтын барлық алға жылжу жолдарының жиынтығы. ОФфлайн жарнамаға тірі қоңыраулар (холодные звонки), көше бойындағы жарнамалық қағаздар, т.б. жатады. Ал, онлайн жарнама дегеніміз – аты айтып тұрғандай, барлық жарнама ғаламтор бетінде жүргізіледі. Оған: смс-жөнелту, WhatsApp-жөнелту, mail-жөнелту, яндекс-жарнама, әлеуметтік желі (facebook, vkontakte, instagram), таргетинг және т.б. жатады. Біз бүгін оқырмандарымызға осы таргетинг жарнамасы туралы айтуды жөн көрдік.

Таргетинг жарнамасы дегеніміз – (ағылшын тілінен аударғанда – нысана) маркетинг тетігі болып саналады. Оның көмегімен белгілі бір талаптарға (географиялық, әлеуметтік-демографиялық және т.б.) сай келетін интернет пайдаланушыларының барлық санынан тек мақсатты аудитория таңдап және жарнамалық ақпаратты жеткізу. Дәлірек айтқанда, жарнамаңызды барша жұртшылыққа көрсету.

Таргетинг арқылы сіздің тауарыңызды яки өніміңізді алуы мүмкін деген адамдарға дәлдеп көрсетуге болады. Бұл үшін сіз мақсатты аудиторияны (ЦА) таңдайсыз. Мақсатты аудитория адамдардың жасына, жынысына, орналасқан жеріне, қызығушылығына қарай таңдалады.

Таргетинг жарнамасын жасау үшін сіз Facebook-қа ақша төлейсіз. Аздаған сомадағы қаражат жұмсау арқылы өз аудиторияңызды кеңейте аласыз. Мәселен, сіз Алматы қаласында ыдыс-аяқ сатасыз делік. Өзіңіз ойлап қараңыз, мұны сатып алушылардың басым көпшілігі 22-45 жастағы отбасын құрып, балалы болған әйелдер. Олар көп қонақ күтеді, дастархан маңында көп жүреді, сол себепті сіз осы жас аралығындағы әйелдерді таңдайсыз. Яғни, таргетинг жарнамаңыздың мақсатты аудиториясы – осылар. Бұл өте маңызды!

Тағы бір мысал, сіз егер компьютер сатқыңыз келіп, мақсатты аудиторияға 14-15 жастағы балаларды таңдап жіберсеңіз, оның тауарды сатып алуға ақшасы болмағандықтан, тауарыңыз өтпей қалады. Тіпті, оған керек емес те болуы мүмкін. Керісінше, сіз оның ата-анасына жарнамалауыңыз керек.

Қазіргі таңда instagram желісі кеңінен танымал. Сондықтан да таргетингті instagram-да берген дұрыс. Instagram-да таргетинг жарнамасын беру facebook желісі арқылы жүзеге асады.

Address

Габдуллина
Almaty
050000

Telephone

+77751231427

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Интернет маркетолог Мирас posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Интернет маркетолог Мирас:

Share