24/08/2022
МАКЕТТЕГІ ОФФЕРДІ тез әрі оңай жазуға көмектесетін формуланы білесің бе?
🧡 САҚТАП, ПАРАҚШАМА ТІРКЕЛІП АЛ
Өтімді оффер жазып үйренгіңіз келсе, алдымен өніміңізді (тауар, курс,қызмет) зерттеп алыңыз.
Сатылымды еселейтін, БАС ТАРТА АЛМАЙТЫН ҰСЫНЫСТЫ(оффер) жазудың 4U формуласы:
1️⃣U (usefulness)- пайдалы тұстары.
Ұсыныс қандай проблемалардан құтқарады, бас тартқан адам неден құр қалатынын нақтылап жазыңыз.
Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз:
✔Клиент қандай пайда көреді?
✔Оның қандай мәселесі шешіледі?
✔Неге қол жеткізеді?
⚡ Кез-келген нишаға визуал жасауды үйретемін.
⠀
2️⃣U (ultra-specificity/ультраспецификасы)-
нақтылық. Пайданың түрін, түсін, бағасын ашық айту.
Спецификация нақты сандарды, пайыздарды жақсы көреді.
Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз:
✔Сіздің курсыңызды өткен адам қаншалықты табыс таба бастайды (теңгемен, доллармен алғанда)?
✔Сіздің консалтинг қызметіңізге жүгінген клиенттің сатылымы қаншалықты артады (пайызбен алғанда, ақшалай)?
✔Сізден жылытқыш сатып алған адамның үйі енді қаншалықты жылы (градуспен алғанда) болады?
⚡Сатылымды 10 есеге арттыратын визуал жасап үйретемін.
⠀
3️⃣U (uniqueness) - ерекшелігі.
Клиент не үшін дәл сізден осы тауарды не қызметті сатып алуы керектігін түсіндіру. Ерекшелігіңізді көрсетіңіз.
Ол үшін УТП яғни тауар туралы ерекше ұсынысыңыздың болуы шарт. Ондай ұсынысты жасай білу үшін де клиенттің кім екендігін, оған не қажеттігін білу керек.
⚡Сатылымды 10 есеге арттыратын визуалды 14 күнде үйретемін.
⠀
4️⃣U (urgensy) - шектеу. Ұсынысыңыз қаншасына дейін өзекті болатындығын ескертіп қою. Клиент нәтижеге қашан қол жеткізетіндігін алдын-ала айту маңызды.
⚡Сатылымды10 есеге арттыратын визуалды 14 күнде үйреніп, айына кем дегенде 200.000тг тап!
⚡Қазір төлем жасасаңыз ТЕГІН сабақты/ чек-лист бонусқа аласыз!
⚡2 күн ішінде 4990тг курсқа тіркеліп үлгеріңіз.
⚡«Алғашқы 10 клиентке тест-драйв тегін» деу де клиентті тезірек шешім қабылдауға итермелейді.
Осы формулаға салып кез келген өніміңізді жылдам сатып, кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеріңіз🙌
__________
❓✍Оффер жазудың қандай формуласын пайдаланып жүрсіз?