08/03/2023
Қымбатты арулар!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымыз бен тілегімізді қабыл алыңыздар.
«Қыздар – олар мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі». (Анастан Дилми риуаят еткен).
Асыл дініміздегі қыз баланың, әйел кісінің орны ерекше:
«Дүниеге қыз келген уақытта, Алла тағала бір періште жібереді. Періште: «қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты»,-дейді. Кім осы нәрестені тәрбиелеп өсірсе, Алла оған қияметке дейін жәрдем береді...
Анастан Табарани риуаят еткен).
Әйел әрқашан халықтың ар - ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Әйел өзінің табиғатынан - ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді.
Тәуелсіз еліміздің ұл - қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамыз.🌹