Интернет-Маркетолог Акбол

Интернет-Маркетолог Акбол Интернет-Маркетолог, Мобилография

06/06/2023
24/03/2023

#казакстан

2023🐇
09/01/2023

2023🐇

Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған, бір жылдан кейін 1929 жылы 20 қыркүйекте Шыңғыстау ауданы Катонқарағай...
07/01/2023

Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған, бір жылдан кейін 1929 жылы 20 қыркүйекте Шыңғыстау ауданы Катонқарағай ауданының құрамына енді. 1932 жылы Катонқарағай ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1935 жылы Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан Большенарым және Бұхтарма аудандары бөлініп шықты. 1954 жылы аудан көлемі Алтай өлкесі Таулы-Алтай автономдық облысы Усть-Коксинский ауданы «Жоғарыкатон» совхозының қосылуы есебінен кеңейді. 1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Большенарым ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Большенарым ауылы анықталды. 1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай ауылы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Большенарым ауылына көшірілді. Аудан облыс аумағының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан солтүстік және солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте Күршім ауданымен, солтүстікте-Зырян ауданымен шекаралас, ал батыста Бұхтарма бөгенінің суымен шектесіп жатыр. Әкімшілік орталығы болып, облыстың орталығы Өскемен қаласынан 263 км қашықтықта орналасқан Большенарым ауылы табылады. Облыс орталығы мен ауданның көлік байланысы Өскемен қ. – Зырян -Большенарым автомобиль жолдарымен жүзеге асады. 2002 ж. 1 қаңтардағы Шығыс-Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес, аудан 54 елді мекеннен, 44226 тұрғыны бар 13 ауылдық округтан тұрады.

Бұл елді мекеннің тарихи аты - "Қатынқарағай". "Қатонқарағай" - кеңес дәуірінде бұрмаланып аталған атау. Ол жерде алқа қ...
07/01/2023

Бұл елді мекеннің тарихи аты - "Қатынқарағай". "Қатонқарағай" - кеңес дәуірінде бұрмаланып аталған атау. Ол жерде алқа қотан қарағай болған. Ар жақтан мал әкелгендер сол жерде мал тапсырған. Содан "Қотан", "Қотанқарағай" атанған. Алтай мен екі шекарадағы жер, елді мекен аты. Алтай тауынан Ақбұлақ деген үлкен өзен ағады да, ол екіге бөлініп, "Қотан" және "Бұқтырма" деп аталады. Бұқтырма Бедел, Шыңғыстай елді мекендерінің тұсынан ағады, Қотанқарағайды жанап өтеді". Таулы Алтайдағы биіктігі 4506 м Мұзтау жотасынан басын алатын Қатун өзені Таулы Алтайға құлай ағып, Обь жазығындағы Би өзеніне қосылады. Оған "Қатун" "Чуймен" байланысты ағыны қатты көптеген өзендер келіп құяды. Қатун өзенінің жалпы ұзындығы - 680 км. Осыдан барып, ағыны қатты, тасқынды, адуынды өзенді де "Қатын"("қадын") атағаны байқалады. Алтай тауының терістігінде Қатун (Қадын) өзені ақса, оның бергі бетінде қалың қарағай өскен. Сонда бұл атау "Қатун өзені жағындағы қарағай" деген мәнде қойылғаны байқалады. Таулы Алтай тұрғындары қадын - "патша әйел, ханша, қатын, өзен патшасы" деген мағынаға ие деп түсіндіреді.

Address

Байзакова
Almaty
050000

Telephone

+821080719602

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Интернет-Маркетолог Акбол posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Интернет-Маркетолог Акбол:

Share