Asha Matai

Asha Matai Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Asha Matai, Social Media Agency, Beyimbet Maylin Street, 2, Almaty.

Ұлттық мұрамызды сән мен өнер арқылы жаңғыртып, жаңа буынға жеткізу — өте маңызды. Осындай мағыналы жобалар көбейе берсі...
06/09/2026

Ұлттық мұрамызды сән мен өнер арқылы жаңғыртып, жаңа буынға жеткізу — өте маңызды. Осындай мағыналы жобалар көбейе берсін! #АшаМатай
Ethno Pop-Up Store 2026 👍🏼

05/09/2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл — мыңдаған отбасының өміріне тікелей қатысты аса маңызды мәселе.
Осы бастаманы қолдай отырып, Қазақстан Халық партиясы мемлекеттік органдарды, мамандарды, сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналарды бір алаңға жинап, арнайы дөңгелек үстел өткізді. Онда балалардың әлеуметтік қорғалуы, денсаулығы, білімі мен оңалту мәселелерін бір жүйеге біріктіру және нақты заңнамалық тетіктер қалыптастыру жолдары талқыланды.
Мен бұл бағытты толық қолдаймын!
Ана ретінде де, қоғамның бір мүшесі ретінде де ерекше қажеттілігі бар балалардың тағдырына бейжай қарай алмаймын. Олардың ата-аналары өз мәселесімен жалғыз қалмауы керек. Оларға жай ғана жанашырлық емес, нақты шешім, жүйелі қолдау және жұмыс істейтін заң қажет.
Құрылтайға өтпеу — халық алдындағы жауапкершіліктен бас тарту деген сөз емес.
Мандат болмаса да — міндет бар.
Мінбер болмаса да — халықтың үні бар.
Ал халықтың мәселесі бар жерде біз үнсіз қалмауымыз керек.
Сондықтан партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың осы бағыттағы жұмысын қолдаймын.
Біз жұмысымызды жалғастырамыз.
Халық үшін. Балаларымыздың болашағы үшін.
Қазақстан үшін!🇰🇿♥️ #АшаМатай
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ

04/09/2026

Салтанат құрбымның «She is Aiel» моноспектаклін тамашаладым. Бір адамның сахнада тұтас бір әлемді жалғыз алып шығуы — үлкен шеберлік, еңбек пен батылдық! Құрбым, жарайсың! Мықтысың! Актриса ретінде әр эмоцияны, әр күйді соншалықты шынайы жеткіздің. Дауысың, көзқарасың, қимыл-қозғалысың — бәрі образбен тұтасып, көрерменді өзіңмен бірге жетелеп отырды. Моноспектакльді жалғыз алып шығу оңай емес, ал сен сахнаны толық ұстап тұрдың! Saltanat Bakayeva Браво! 👏🏻 Әйелдің жан дүниесі, сезімі, ішкі күресі, қоғамдағы орны — бүгінгі күн үшін өте өзекті тақырып. Кей тұсы толғандырады, кей тұсы жүрекке тиеді, ойландырады.
Достар, сіздерге де көруге кеңес беремін! Уақыт тауып, міндетті түрде барып көріңіздер. Әйел туралы, әйелдің жанын түсінуге жетелейтін, айтары бар қойылым.
Салтик, жаным, шығармашылық жолың ашық болсын! Мықты рөлдерің мен үлкен сахналарың көп болғай!❤️ #АшаМатай

02/09/2026

Мемлекетіміздің, халқымыздың игілігіне шын жүректен қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын! #АшаМатай #Құрылтай

1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын!📚Биыл біздің үйде қуаныш еселенді — енді екі оқушымыз бар! Асылым 4-сыныпта, ал Айы...
01/09/2026

1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын!📚
Биыл біздің үйде қуаныш еселенді — енді екі оқушымыз бар! Асылым 4-сыныпта, ал Айымымыз мектепалды даярлық сыныбына барды)

Барша балаларымыз аман болып, саналы, білімді, тәрбиелі, елінің мақтанышы болып өссін!🇰🇿♥️🙌🏼 #АшаМатай #1қыркүйекбілімкүні

Кеше Arman Tenizi 2026 қайырымдылық гала-кеші өтті. Бұл кештің басты мақсаты – қазақстандық 15 ерекше (ЦСА- церебралдық ...
21/08/2026

Кеше Arman Tenizi 2026 қайырымдылық гала-кеші өтті. Бұл кештің басты мақсаты – қазақстандық 15 ерекше (ЦСА- церебралдық сал ауруы) балаға оңалту мүмкіндігін сыйлау.
Меніңше, қоғам ретінде әлеуметтік тұрғыдан осал жандарды барынша қолдап, оларға жанымыздан орын беруіміз керек. Әсіресе ерекше (ЦСА) балалар мен олардың ата-аналары өздерін бұл әлемде жалғыз сезінбеуі маңызды♥️
Әр бала мейірімге, махаббатқа және бақытқа лайық. Ал ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға біздің қолдауымыз, түсіністігіміз бен жылы сөзіміздің өзі үлкен күш береді.
Әрқайсымыздың кішкентай ғана көмегіміз бір отбасының өміріне үлкен үміт сыйлауы мүмкін. Жақсылық жасауға бейжай қарамайық! Социальный проект

21/08/2026

Қазақстанның ертеңі – бүгінгі біздің таңдауымыз бен жауапкершілігімізге байланысты. Мен ел болашағына бейжай қарамай, әр азаматтың үні естіліп, әр отбасы мемлекеттің қолдауын сезінетін Қазақстан үшін еңбек еткім келеді.
Еліміздің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз! 🇰🇿
#АшаМатай

Address

Beyimbet Maylin Street, 2
Almaty
050039

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Asha Matai posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share