Интернет-Маркетолог

Интернет-Маркетолог Интернет-Маркетолог

Неге интернет-маркетологты таңдадым?Қазіргі кезде интернет саласы өте дамып тұрған кез. Бірақ соны біз дұрыс қолданбай ж...
15/07/2021

Неге интернет-маркетологты таңдадым?

Қазіргі кезде интернет саласы өте дамып тұрған кез. Бірақ соны біз дұрыс қолданбай жүр екенбіз🤔

Неге интернет-маркетолог? деген сұраққа жауабым мен алдағы уақытта өз бизнесімді бастағалы жатырмын, соған бұл курс өте қажет болды. Себебі клиентті қалай әкелесін, қандай жолдары бар осы курста барлығын нақты түсіндіреді. Қарастыра келе өкінішке орай Атырауда маркетинг дамымағанын байқадым. "Алсаң ал, алмасаң бар" деген сияқты әңгімелерді естуге болады😄 Ал кәсібін жақсы жүру үшін клиентпен дұрыс байланыс орнату, т.б фишкаларды үйреніп жатырмыз.

Мысалы, соның бірі мен бұрын жоспар құрып, жазбайтын едім, тек ойша ойлап қоятын едім. Осы курста қалай жоспарды 10 жылға, 3 айға және 1 күндік жоспарды құруды үйретті. Реально сол 1 күндік жоспар құрғанда кәдімгідей көмектеседі екен. 10 жылға құрған жоспарымда орындалсын деп тілеймін. ЖОСПАРСЫЗ АДАМ БОС ОРЫНДЫҚ. Жоспар құрыңыздар, сол жоспарды арнайы қағазға бастап жазыңыздар. Сонда барлығы орындалады😉

Мен “Shonbay Business School”-ға қалай келдім?🤔Тұрақты жұмысымды тастап, қайтадан қалай студент болдым? қызық болса пост...
12/07/2021

Мен “Shonbay Business School”-ға қалай келдім?🤔

Тұрақты жұмысымды тастап, қайтадан қалай студент болдым? қызық болса постты оқып шығыңыз.😊

Бұрынғы жұмысымнан маған ұнамаған тұстары ол график, 11 сағаттық жұмыс, дамуға ешқандай мүмкіндік болмады.😔 Өспейтін табыс, бірақ оған сай келмейтін условия. Бір сөзбен айтқанда ФРИЛАНСЕР болғым келді. Бұрыннан SBS қарап жүрдім, бірақ іштей дайын болмадым, менікі емес шығар деген ойлармен соза бердім. Содан жұмыстан шығып кеткесін,өзіме толықтай 1 апта демалыс бердім. Ештеңе ойламай демалдым, қандай жұмыс жасаймын деген ойлардың барлығын алып тастадым.

1 апта өтуіне 1 күн қалғанда жеңгем кухнядан жүгіріп келіп, сен неге SBS оқымайсын оказывается оларда соңғы лек екен, жазылсайшы деген ой тастады. Осы тұста Асыл саған рахмет😘 Мен сол кезде ойланбастан бірден телефонымды алып, сайтқа кіріп заявка тастадым.

Енді менеджерлердің жауабын күту енді сол кездегі сезімді айта алмаймын, қорқыныш болды орын толып қалған шығар, үлгермей қалдым ба? деген неше түрлі ойлар кеттіғо сол кезде😄

Әйтеуір не керек менеджерлер хабарласып, төлемімді жасап, бір уффф дедімғо. Маған негізі әр салада жұмыс жасап көрген ұнайды. Өз саламды, жасаған жұмысымнан кайф алатындай жұмыс қажет болды. Сол себепті Интернет-Маркетолог саласы мен үшін жаңа сала. Осы сала ӨЗІМНІҢ САЛАМ деген ой менде. Қазірдің өзінде де тек 3-ші апта сабақ болып жатыр, соның өзінде де ВЗРЫВ МОЗГА болып жатыр. Әлі алда үйренеріміз көп🤗

Айтайын дегенім жаңа мамандықты меңгеруден қорықпаңыздар. За то алдағы уақытта өкінбейсіз, егер өз салаңызды тауып, сол жерден табысыңызды көбейтсеңіз, өзіңізге деген сенім арта береді. Менімен алдағы уақытта партнер болғыңыз келсе, номеріңізді комментарияға қалдырып кетіңіз😉

12/07/2021

Қайырлы күн!

Address

Atyrau
060000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Интернет-Маркетолог posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share