tursynova.nazym

tursynova.nazym ТАРГЕТ/ОНЛАЙН БИЗНЕС/СММ

16/06/2022
18/03/2022

Наурыз тойы басталды!!!

06/02/2022
30/12/2021
37 ЖАС - 37 ҚАҒИДА37 жасқа дейін жинаған 37 сабақЖалғасы....  #түйінойНаз хештегінен басын оқи аласыздар.25. Көзіңе түск...
15/11/2021

37 ЖАС - 37 ҚАҒИДА

37 жасқа дейін жинаған 37 сабақ
Жалғасы.... #түйінойНаз хештегінен басын оқи аласыздар.

25. Көзіңе түскен жақсы дүниенің бәріне «иә» деп жауап қат. Саған қызықсыз болған нәрсенің барлығына «жоқ» де. Уақыт – ең қымбат қор, оны үнемдеп жұмса.
26. Кей достықтан өсіп кетеміз. Бұл біздің жаман дос болғанымыз немесе достардың жамандығынан емес. Тек жолайрыққа дөп келеміз. Оларды жүректе сақта. Бірақ олар сені ренжітсе, онда арақашықтық сақтау қажет. Достықты босатып жібер.
27. Қорқыныш — біздің қалауымыздың нақты көрсеткіші. Ол сенің компасың болсын. Компасың жетелеген өмір құбылыстарына құшағыңды аш.
28. Қорқынышты жеңу — өзің үшін жасай алатын ең пайдалы нәрсе. Ол өзіңе деген сенімнің супер-генераторы.
29. Біздің тәніміз — арманымызбен қауыштырар тұлпарымыз. Оны жақсы көр. Сонда өзіңді белсенді әрі қуатты сезінесің. Бірақ соған байланып қалма. Сыртқы әлпет субьективті. Ерте ме, кеш пе - әйтеуір өзгереді. Ең бастысы өз денеңде өзіңді ыңғайлы әрі сенімді сезіну.
30. Жақындарыңа оларды қалай жақсы көретіңді жиі айтып отыр. Көптік етпейді. Сенің уақытың, жанында болуың, махаббатың, қамқорлығың — олар үшін баға жетпес сый.
31. Бүгінмен өмір сүр. Қолда бар бақытымыз сол ғана. Өткеннің қателігінен сабақ ал. Қайталама. Келешек туралы арманда. Бүгініңді жақсы көр.
32. Өмір — самғау мен құлдыраудан алма-кезек тұрады. Бүкіл болмысыңдағы мүмкіндікті ашу үшін бәрі де керек. Бекем бол, саяхаттауды баста, әрі жалғастыра бер.
33. Бәріміз бір адамзат баласымыз. Ешкім ешкімнен артық, я кем жаратылмайды. Тек белгілі бір өмір сатысында не істеу қажетін ұғынамыз.
34. Өмірде жеткенің үшін күнделікті алғыс айт. Айналаңда байлық, ымыраластық пен қуаныштың, махаббаттың, денсаулық пен жетілудің кеңістігін түзесің.
35. Әлемнің кіндігі өзің деп ойлама. Жан-жағыңа қара. Айналада қаншама қызықты әрі тамаша құбылыстар бар.
36. Әлемге көбірек сезім, махаббат, жарық пен күлкі керек.
37. Өзіңе өзің қожайынсың. Сөздің бәріне сене берме. Өзің ойланып үйрен. Қатып қалған қағидаларды бұз.
Жас деген жай ғана сан. Бірақ сан көбейген сайын көргенді әрі тәжірибелі бола түсесің.
Қазіргіден ешқашан жас болмайсың! Ендеше осы сәтті ұтымды пайдалан!

#саналыөмір өмір #түйінойНа

🌹 МЕРЕКЕЛІК ПОСТ🌹Арамызда ұстаздар да бар шығар.Ұлағатты ұстаздар , мерекелеріңізбен!"АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР...
03/10/2021

🌹 МЕРЕКЕЛІК ПОСТ🌹

Арамызда ұстаздар да бар шығар.
Ұлағатты ұстаздар , мерекелеріңізбен!

"АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ" - деп Мағжан Жұмабаев ұстазға осылай баға беріпті.

Білімді шәкірттеріңіз көп болсын!

"Ертеде бір патша біл­імді етіп «тәрбиеле» деп ұлын ұстазға бе­реді.
Бір күні ұстаз:
- Тақсыр, білім алд­ы, балаңыз зерек еке­н - дейді.
Патша ұс­тазға рахметін айтып, баласының білімін сынайды.
Арнайы тапс­ырма беріп, өзінің тәжінің астына тығылғ­ан заттың не екенін сұрайды.
Қолына қаға­з, қалам алған баласы есептеп, ол заттың дөңгелек, ортасының сары екенін айтады.
- Аты не? - дейді па­тша.
- Шамасы, күн болар, - дейді бала.
- Түсін түстегеніңме­н, атын дұрыс айтпад­ың, ол - жұмыртқа ед­і, - дейді патша бал­асының біліміне көңі­лі толмай.

Сонда ұстаз:
- Тақсыр, балаңыз ал­ған білімінің арқасы­нда жасырған заттың пішіні мен түсін тап­ты. Әйтсе де, тәждің астына күннің сыйма­йтынына қабілет жетк­енімен, сезімталдығы жетпеді. Мен шәкірт­іме білім үйреткенім­мен, сезімталдығын бере алмадым. "Білім – бізден, парасат - сізден "деген екен.

ТҮЙІН:
"Адамның адамшылығы, ең әуелі ата-ана, білім-ғылым, жақсы ұстаз,
жақсы құрбыдан болады" (Абай Құнанбаев)

#ұстаздаркүні #мереке #инсталайк #онлайн #сайт #инфобизнес

БӘРІ КЕЙІН немесе СИНДРОМ ОТЛОЖЕННОЙ ЖИЗНИ"Кейін тойға киемін", "мына салатты қонақ келгенде жасау керек екен", "балалар...
01/10/2021

БӘРІ КЕЙІН немесе СИНДРОМ ОТЛОЖЕННОЙ ЖИЗНИ

"Кейін тойға киемін", "мына салатты қонақ келгенде жасау керек екен", "балалар өссін, сосын қыдырамыз", "пенсияға шыққанда демаламыз" ... .

Көбінесе өзімен контакт жоғалтқан, армандауға қорқатын, өз ойы жоқ, өз қалауымен санаспайтын адамдарда осы синдром көп кездеседі.

Себебі бір кездері ата-анамыз қиын, таршылық заманнан өтті. Сол кездегі дефицит сана солардан бізге сіңді. Енді қазыр баршылық заман болса да санамызда таршылық көп. Қорқыныш, бақытты болудан қорқу, тәуекел етуден қорқу, "ақша тек қиындықпен келеді, адамды бұзады" деген ақша жайлы негатив образдар, үнемі күдік, мазасыздық...

Осының салдарынан біз процесстен ләззат алмаймыз.

Бала-шаға өсіп келеді, оларға уақыт пен көңіл бөлу керек. Бірақ ата-ананың оларға қарауға уақыты жоқ. "Осылардың болашағы үшін ғой" деп өздерін ақтап қойып шапқылап жүргенде олар өсіп, ұядан ұшатын кез келеді. Сосын отырамыз "шіркін, кішкентай кездерінде тәтті еді, сол кез қайта келсе ғой" деп . Бірақ өмір кері қайтпайды .

Немесе қарапайым шай ішіп отырып ойымыз сан-сақта. Сосын ренжиміз "не ішіп не қойғанымды білмеймін" деп. Шындығында 15 минут асықпай баппен шәй-тамақ ішсек, дүние қирап қалмайды.

Квартира аламын деп жылдап демалмай жұмыс істеп, ақыры сол ақшасы еміне кетіп жатқан қаншама жан бар.

Бақытты болудың қарапайым қағидасы бар. Ол "ДӘЛ ҚАЗІР ОСЫ ЖЕРДЕГІ БОЛЫП ЖАТҚАН ДҮНИЕЛЕРДЕН ЛӘЗЗАТ АЛЫП ҮЙРЕНУ" немесе "БҮГІНГІ КҮНМЕН БАҚЫТТЫ БОЛУ".

Таңертең ұйқымнан сары қызым оятты. Бетімнен сүйіп, жымиып тұр екен. "Альхамдулиллях" дей бердім іштей❤❤❤ .

Алланың әр ісінде бір хайыр бар!

P.S. АЛЛАға тапсырыңыз! Моменттен рахат алыңыз!

ӨМІР - ӨТЕ ҮЛКЕН СЫЙ! ҚАЙТЫП КЕЛМЕС ҚҰНДЫЛЫҚ!

#шабыт # меніңақиқатым #өмірғажапсүребілген адамға #мысливслух #инфобизнес #декрет #саморазвитие #караганда #мода #кератин #ботокс #стилист #оратор

ӨЛГЕН БАЛЫҚСәлем, құрметтілерім! Посттың фотоға қатысы жоқ 🤗Бірде 5 жасар қызым  92(қазір  8 жаста) суықтап ауырып қалды...
27/09/2021

ӨЛГЕН БАЛЫҚ

Сәлем, құрметтілерім!
Посттың фотоға қатысы жоқ 🤗

Бірде 5 жасар қызым 92(қазір 8 жаста) суықтап ауырып қалды. Ауырса еңсесін көтере алмай бей-жай күй кешетін әдеті. Шала туылған соң ба, өте аурушаң, нәзік. Содан әкесі екеуміз бір түйір ас жегенін аңдып, жеп-ішсе соған мәз боламыз. Оның үстіне 5 жыл дегенде АЛЛАдан сұрап, тілеп алған бала болған соң, барлығы сол Нұрайымның маңайында айналады.

-Не жегің келіп тұр? Айтшы. Әкеліп берейін-дедім әдеттегідей дүкенге бара жатып.
Қызым: - балық - деді.
- Аа, жақсы. Қандай балық? -десем.
- Өлген балық,- деп қарап тұр.

Әкесі екеуміз сәл абдырап тұрдық та, шек-сілеміз қатып күлейік....

"Бала тілі бал" деген балалардың бейқамдығы керемет қасиет қой, шіркін!

Ал сіздердің балаларыңыздың қандай қылықтары мен қызықтары бар? Бөлісе отырыңыздар

#қызықжәйт #орталық #қарағанды #Қазақстан #балхаш #теміртау #шымкент #алматы #атырау #инфобиз

ТАРГЕТ ЖАРНАМАСЫН ЖІБЕРГЕНДЕ БЛОКҚА КЕТІРЕТІН СӨЗДЕРБұл ақпарат өте маңызды!!!Төмендегі сөздерді қолданбаңыздар!табысақш...
16/09/2021

ТАРГЕТ ЖАРНАМАСЫН ЖІБЕРГЕНДЕ БЛОКҚА КЕТІРЕТІН СӨЗДЕР

Бұл ақпарат өте маңызды!!!
Төмендегі сөздерді қолданбаңыздар!
табыс
ақша
қаражат
тегін
кредит
онлайн
байлық
жұмыс
қарыз
Тап
Сату
Курс
Бірақ, бұл сөздерсіз оффер жазу, баннер жасау мүмкін емес, ия? Сондықтан, аздап қулық жасап ФБ көкемді көндіруге болады

Ол қандай қулық, не істеу керек қызық болса комментке "+++" немесе "айт енді" деп қалдырарсыздар🤗

Address

21 мкрн
Karaganda

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when tursynova.nazym posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to tursynova.nazym:

Share