11/12/2021
Есімім Ұлпан
🧕Жасым 27-де.Аяулы жар және сүйкімді 4 балапанның анасымын.
Шемкент қаласында тұрамын.
Күнімнің көп бөлігін отбасыммен өткізгенді жақсы көремін.Әсіресе қазір балалардың қайталанбас даму шағында, олардың тәтті қылықтары мен бізге кішкентай болып көрінетін, олар үшін өмірінде үлкен маңызы бар кезеңдерінің әрбір сәтін жіберіп алғым келмейді.Жалпы отбасы мен үшін 1-ші орында.💚
🧠Мені әйел энергетикасы, мышление, қазақи отбасы құндылығы,бала және адам психологиясы мен дамуы т.б. тақырыптар қатты қызықтырады. Бос уақытымды барынша ұтымды пайдалануға ұмтыламын.
"Адам бір орында тұра алмайтын жаратылыс,алға қарай жүрмесе,кері қарай құлдырай береді"- дейді. Әр күніңді әсемдеп өткізгің келсе бірден-бір жол білім алып өзіңді дамыту,миыңды пайдалы ақпараттармен жаңартып отыру. ✍
🌺Маған берілген барлық нығметтеріне Аллаға сансыз шүкірлік айтамын, әрбір сәтті сезініп(осознанно) өткізуге тырысамын.Өмірдегі ұмтылысыма әркезде қолдау білдіретін жақындарым мен Жан-жарыма Алла разы болсын.🥰
🤱Ана болу,жар болудан бөлек, қоғамнан тыс қалмайын деп,уақыты да ыңғайлы әрі заманауи сұранысқа сай пайдалы жұмыспен айналысқысым келді. Өзіме бірдеңе жетіспей жүргендей сезіндім.Алланың қалауымен карантинмен сәйкес декреттік демалысымда өзіме қызықты әр түрлі онлайн курстарды оқып,уақытында жауып тастаған қабілеттерімді ашып, мына әлем 🌍 мүмкіндікке толы екенін енді сезгендей болдым. 🤭Әлемдік деңгейде әсер еткен бұл пандемияның оң әсерін де көргендеймін.🧐
👩🏫Қазіргі уақытта осы интернет саласында жұмыс жасап бастадым, сонымен қоса жаңа мамандықты игеріп жатырмын.
🤫Ал сіз карантинді қалай өткіздіңіз