Rauan

Rauan МОБИЛОГРАФ!
Чувак который круто снимает продающий вид?

МОТИВАЦИЯ ДЕГЕНДІ ҰМЫТ!Қазір мотивация беретін роликтерді дым көре алмайтын болыппын. You Tube, Instagram, Telegram-да а...
17/04/2022

МОТИВАЦИЯ ДЕГЕНДІ ҰМЫТ!

Қазір мотивация беретін роликтерді дым көре алмайтын болыппын. You Tube, Instagram, Telegram-да аудиоподкастта “Сен бүйту керексің, сүйту керексің” деп айқайлап мотивация беріп жатқанда “Ляя кетш” дейтін болыппын.

☝🏻Себебі, менің дамығым келмейтінінде емес! Мотивация керек емес екендігін түсінгенімдігінде. Мен мотивацияны ішіңе насоспен үрлеп қойған жел сияқты көремін. Ал, сол желдің мерзімі “3-ақ күн” дейді.

🤔Сонда әр нәрсені істеу үшін 3 күн сайын митивэйшн ролик көріп, тыңдап отыру керек пе?

Мүмкін, сізге дисциплина керек шығар? Дәл солай, сізге сол керек. Мотивациямен жасайтын іс болса, мойындайық, демек ол істі миыңыз қиын, керек емес санайды ғой. Тәртіп, дисциплина - ол артыңнан тебетін ІШКІ КҮШІҢ!!! Ол тепкенде жёстко тебеді. Сізге осы керек. Өз еркіңізбен, қаласаңыз да, қаламасаңыз да жасай алу күші. Өйткені маңызы бар болғаны үшін.

Менің ойыммен келісесіз бе?👇🏻
Пост пвйдалы болса “+” қой

#мотивация #развитие #даму #дисциплина

БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАБІЛЕТОсы қабілетті кіші кезімізден бастап бойымызға сіңіргенде, жетістікке жетуге деген көзқарасымыз мүл...
14/04/2022

БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАБІЛЕТ

Осы қабілетті кіші кезімізден бастап бойымызға сіңіргенде, жетістікке жетуге деген көзқарасымыз мүлдем басқаша болар еді.

Ол қабілет - САТУ

“Мен сатушы емеспін, маған ол не үшін керек” десеңіз қателесесіз. Өйткені біздің өміріміз сату және сатып алудан тұрады.

Мысалы бір мамандықты оқып, өзіңізді маман ретінде компанияға сатасыз, қызыңызға өзіңізді болашақ жар ретінде сатасыз, дос ретінде де өзіңізді сатасыз. Мағынасын түсіндіре алдым деп ойлаймын😉

Бұл үстіңгі жағы! Жалпы сату өнері - ол адамды тани білу, оның ниетін және қалауын сезініп, тыңдай білу. Адамның қалауын біле отырып, сіз қоғамға пайдалы бола аласыз👍🏻

Қоғамға пайдалы бола білген адамға тиісінше өзінің рахметін береді, айтады😉

Өзім жайлы айтатын болсам

Мысалы: Өзімді мобилограф ретінде таныстырсам менен басқаға не пайда? Біреуге менің видео түсіретінім не үшін керек?
Ал былай десем ше: “Инстаргамда видеоконтент жасап, клиент санын арттырамын”

Адамның қалауымен ойнау дегенге сәйкес келетін сияқты,иа?

Сізге сұрақ

❓Сіз өзіңіздің қоғамға беретін пайдаңыз жайлы білесіз бе? Тағы да қандай қабілеттерді меңгеру керек?👇🏻

#мобилография #сату #смм

ЖАС МОБИЛОГРАФТАРҒА АЙТАРЫМӘлі менің үйренерім көп, бірақ бірнеше пункт кеңес те беріп кете аламын. Егер сен осы саланы ...
11/04/2022

ЖАС МОБИЛОГРАФТАРҒА АЙТАРЫМ

Әлі менің үйренерім көп, бірақ бірнеше пункт кеңес те беріп кете аламын. Егер сен осы саланы бастап жатқан болсаң мұқият оқып шық✊🏻

1. Үйіңдегілер сенің не істеп жүргеніңді түсінбей, саған пайдалы бір нәрсемен айналыс или сабағыңды оқы деп айтуы мүмкін. Ол кезде бұл контент, видео десеңде оларға бәрібір. Үйдің шаруасымен бірге жаймен алға жылжи бер.

“Процесіңді емес, результатыңды көрсет”.

2. За кадром қалып қойма!!! Ол үшін өзіңді желілер арқылы көрсет. Өз блогыңды жүргіз, оны дамыт. Жасаған жұмыстарыңды көрсет.

3. Тегін жасаудан тартылма!
Алғашқы кезде сенің басты мақсатың ақша емес💵❌ опыт айналайын☝🏻
Өзіңе кейс жинау үшін бірінші кәмпит бер сосын торт жейсің. Түсіндің ғой?

ДЕРЗАЙ РОДНОЙ✊🏻🚀

Пост пайдалы болса +қой!
Айтарың болса бөліс, өзіміз ғой😉

16/04/2021

МЕН ӨЗІМ ВООБЩЕ КІММІН? 🤔🤔🤔

Өзімді таныстыра кетсем:
Бәріңе сәлем🤝👋 Менің есімім Рауан және мен МОБИЛОГРАФПЫН📱

Жалпы МОБИЛОГРАФ деген кім? 🤔 МОБИЛОГРАФ - ол смартфон📱көмегімен видео түсіретін және монтаждайтын адам🔧 "Сенің МОБИЛОГРАФИЯ үйреніп алған досың" деген прикол бар ғой сол адам общем🤣🤣🤣.

Жалпы осы😅
Сіздердің де МОБИЛОГРАФИЯ үйреніп алған достарыңыз немесе таныстарыңыз бар ма? Бар болса белгілеп кетіңіздер👇🏻👇🏻👇🏻
Қолдауларыңызды күтемін😊✊🏻

Address

Shymkent

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Rauan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share