Dilya_albuharii

Dilya_albuharii Таргетолог

10/09/2026

Қалай 2 баламен Қазақстанның 4 қаласына автосаяхат жасадық? 🚗

23/08/2026

Кейде өмірді өзгерту үшін бір ғана шешім жеткілікті …

Әр адам өзінің өмірін өзгерткісі келеді. Ол үшін әрекет жасайды, күтеді, бірақ ол өзгеріс келе қалмайды. Неге?

Себебі сен әлі шешім қабылдаған жоқсың: «Всё, ендігі басқаша болады. Менің өмірім, менің әдеттерім ендігі бұрыңғыдай болмайды», — деп шешкен жоқсың. Әлі сенде күмән бар, болмай қалса қайтатын орның бар.

Ал адам өзгеру үшін оған алдымен шешім қабылдау керек. «Всё, ендігі бұрынғыдай болмайды. Мен бәрін жасаймын, что бы бұрынғыдай болмас үшін», — деген нақты намерения, шешім болған кезде ғана өміріңде, өзіңде бәрі өзгереді.

Алдымен шешім, одан кейін результат.

Бұны мен өте көп рет өз тәжірибемде көрдім. Өзім іске дайын болып, шешім қабылдаған кезде, әр қалаған істерім өз ретімен орындала кететін болды. Бұл, әрине, бірінші Аллаһтың қалауымен, содан кейін ғана біз алатын себеппен…

Сондықтан егер бір істі қалап жүрсеңіз, бірақ әлі оған жетпей жүрсеңіз, өзіңізден сұрап көріңізші: сіз шынымен ол істің болуына шешім қабылдадыңыз ба? Шын ниетпен кірістіңіз бе? Немесе тек қана арман-қиял дәрежесінде тұрсыз ба?

Демалыстағи естеліктер осы жерде қалсын❤️🌊
13/08/2026

Демалыстағи естеліктер осы жерде қалсын❤️🌊

13/08/2026

Именно осы жерде дем алуды қатты қалап едім. Аллаһ өзі өте көркем, жеңіл түрде бұйырды 🥹 Балалармен демалуға безопасно, іші шұқыр емес, спокойно жібере саласың. Еще Золотой песок ып ыстық бізге қатты ұнады, Приозерский ❤️

11/08/2026

20 жастағы сіңліме айтар 5 кеңесім 🤍

1. Тұрмысқа шығуға асықпа.
Оқы, өнер үйрен, өз ісің болсын. Тұрмысқа шығуға үлгересің. Қазір ең бірінші өзіңді дамытып, өмірде өз орныңды тауып ал.
2. Үнемі өзіңнен жоғары, сені қолдайтын ортамен аралас.
Сені артқа тартатын адамдармен ешқашан өспейсің. Қасыңдағы адамдардың ойы, мақсаты, өмірге деген көзқарасы саған да әсер етеді. Сондықтан өзіңнен мықты, сенен көп білетін адамдармен араласуға тырыс.
3. Машина айдап үйрен, права оқып ал.
Қазір права алу жылдан жылға қиын болып жатыр. Сондықтан жасың жиырмада тұрғанда осы нәрсені де үйреніп ал. Кейін «уақытым болмады» деп жүрме.
4. Дамуыңды тоқтатпа.
Кітап оқып, жаңа білім алып жүрген адам мен дамымай жүрген адамның айырмашылығы сөзінен-ақ білінеді. Бір орында тоқтап қалма. Үнемі бір нәрсе үйреніп, өзіңді дамытып жүр.
5. Өз ақшаң болсын.
Ақша тауып үйрен. Оқып жүрсең де, қосымша ақша табу жолдарын ізде. Қазір онлайн ақша табудың жолдары көп: дизайн, SMM, AI, таргет — жетеді. Солардың біреуін таңдап, қосымша табыс тап. Өз ақшаң болғаны — өзіңе деген сенімділігіңді де арттырады.

Бұл кеңестерді маған айтатын менің әпкем болмаған.
Ал саған айтарым — осы кеңестерді міндетті түрде өміріңе енгіз. 🤍

Өйткені 20 ж

Өзіңе жасаған ең үлкен жақсылығың — өз өміріңе жауапкершілік алуды үйрену.Көбінде біз, әйелдер, өмірімізді, армандарымыз...
09/08/2026

Өзіңе жасаған ең үлкен жақсылығың — өз өміріңе жауапкершілік алуды үйрену.

Көбінде біз, әйелдер, өмірімізді, армандарымызды, қалауларымызды басқа адамға тапсырып, жылдар бойы күтеміз. Тұрмысқа шықпас бұрын әке-шешемізге, тұрмысқа шыққан соң күйеуімізге, одан кейін мүмкін балаларымызға артып қоямыз да, сосын күтеміз. Орындалмай қалса, ренжиміз.

Бірақ сені орныңнан қозғалтпаған арманың басқаның ойына кіріп те шықпайтынын түсінсең ғой…

Әр әйелдің өзіне жасаған ең үлкен жақсылығы — өз өміріне жауапкершілік алуды үйрену. Осы қазіргі таңда нағыз роскош, меніңше…

Сенің көзіңді жандырып, ұйқыңнан ерте оята алатын арманың басқа біреуге ол чувстваны бермейді. Сені жылдар бойы күтіп, өміріңнің соңында ренжіп: «Әттеген-ай» деп айтуға да тұрмайды.

Әр арман сенікі болған сияқты, оған жауапты адам да — сен. Сен сол жауапкершілікті алуды ұмытпашы ❤️

08/08/2026
01/08/2026
23/07/2026

Бір кезде мен мұсылманша тауарларды WhatsApp группалар арқылы сататынмын. Пост саламын, адамдарға көрсетемін, пакет көтеріп жүремін. Көбіне қарызға беретінмін.

Бір күні бір қызға берген тауарымның ақшасын алуға бардым. Бірақ оның анасы маған ұрысып, «сен алдап сатыпсың» деп айтты. Мен қатты ренжідім.

Үйге келе жатып ойландым…

«Мен неге осылай жұмыс істеп жүрмін?»

Күнде WhatsApp группа, күнде скидка, күнде қарыз, күнде ақша сұрау… Мен осының бәрінен шаршадым.

Сол күннен бастап YouTube-тан тегін сабақтар көре бастадым. Instagram арқылы онлайн сатуды үйрендім.

Содан бері WhatsApp группа арқылы сатпаймын.

Кейде бізге жаман болып көрінген нәрсе, негізі бізді жақсы жаққа алып келеді.

Address

Нур-султан
Tselinograd

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Dilya_albuharii posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Dilya_albuharii:

Shortcuts

Share